Get Mystery Box with random crypto!

Алдағы бірнеше күнде АҚШ та, Европа да, Украина да тіс жармаса | Майн Кайф (де)

Алдағы бірнеше күнде АҚШ та, Европа да, Украина да тіс жармаса Индонезияға Путин Лавровты жібере салатын шығар. Жоғарыдағылар іске аспай бара жатса «ядролық қару қолдана саламын» - деп те қорқытып жатыр, лишь бы Путинмен кездессін деп. Бірақ, егер Украина немесе Батыс елдері басшылары Балиде Путинмен кездесіп, келіссөз бастамаса Ресейде алдағы уақытта Украинаны келіссөзге шақыратын мүмкіндік те бола қоймайтын сияқты.

Ресейдің қалауы примерно түсінікті. Ал Украина Батыстың көмегін максимально пайдалану арқылы 2014 жылы басталған проблеманы раз и навсегда шешуді көздеуде. Ал ол проблема қазір шешілмей, қазір келіссөзге барып, соғысты уақытша тоқтатса, алдағы уақытта ДНР, ЛНР мен Крымды қайтаратын мүмкіндік бола қоймайды. Ресей де «замороженный» соғысты қайта бастай салуы мүмкін.

Ал Батыс елдері позициясы – «Украина келіссөз бастаса да өзі біледі, соғысты таңдаса біз көмектесуге дайынбыз». Батыс елдері 24 ақпаннан бастап Украинаға 41 млрд $ әскери көмек пен 14 млрд $ гуманитарлық көмек жіберген екен. Әр ай сайынғы Украина пенсионерлері мен бюджетниктерінің ақшаларын да Батыс елдері төлеуде қазір. Евросоюз 2023 жылы 19 млрд € көмек көрсетуге дайын екенін айтты (6 Expo-2017 ақшасы).

Мен уже Ресейдің мұндай ойы жайлы шет жағасын біраз алдын да жазып едім. Бұл жай ғана менің ойым.