Get Mystery Box with random crypto!

Ол қалай? • Украина қалаларындағы электростанция, сумен қамта | Майн Кайф (де)

Ол қалай?

• Украина қалаларындағы электростанция, сумен қамтамасыз ету станцияларын жару арқылы жарық, су мен жылусыз қалдыру. Алдағы қысты жоғарыдағыларсыз өткізу қиын болғандықтан украиндер Ресеймен келіссөзге келу шансы бар.

• Газ құбырларын жару, бекіту арқылы Европа тұрғындарына да қысым көрсету. Бағалар өсіп, газ тапшылығын сезінген европалықтар өз үкіметтері Ресеймен келіссөз жүргізу немесе Украинаға көмекті азайтуын талап етсін деп.

• Кеше ғана Украина дәнді-дақылдарын экспорттау келісімінен шығу арқылы әлемдегі азық-түлік бағасының өсіп, кедей елдердің «любой ценой» Украинадағы соғысты тоқтатуға ұмтылуын қалап отыр, кедей елдер Европа, АҚШ немесе Украинаға «Ресеймен келіссөз жүргізіңдер, әйтпесе біз аш қаламыз!» - деуіне жағдай жасауда.

Жиналыс жақындаған сайын Ресей барынша Украина мен дамыған елдерге мінезін көрсетуде және «если что, 15-16 күні менімен кездесулеріңе болады», – деген намек тастауда. Ертең келіссөз все же болса Ресей өз халқына «мінекей, гений Путин тағы жеңді!» - дей алады.