Get Mystery Box with random crypto!

«Қазақстанға қандай пайда?» - деген сұраққа жауап: 1. Экономи | Майн Кайф (де)

«Қазақстанға қандай пайда?» - деген сұраққа жауап:

1. Экономика диверсификациялау
Қазақстан онсыз да мұнайға тәуелді ел, жылдар бойы оның орнына дені дұрыс альтернатива таба алмай, экономиканы әрсалаландыра алмай жүрміз. Бұл жоба қазіргі мұнай беретін табыстың жартысына жуығын бере алады.

2. Толық циклді мамандар дайындаймыз
Зауыттағы жұмысшыларды бастапқыда Европа елдері дайындаса, кейіннен ол жұмыс жергілікті оқу орындарына берілмекші.

3. Жұмыс орындары
Бір ғана зауытта 1800 адам жұмыс жасағанымен, ол зауытты энергиямен қамтитын жел және күн электростанциясы, сутекті тасымалдау, мамандар дайындайтын оқу орындарындағы персонал – бір зауытпен бірге қосымша бірнеше мыңдаған жаңа жұмыс орындары ашылады. Еще жай-май емес, білім мен мамандарды қажет ететін жұмыстар.

4. Қытай емес, Европаға бағытталған сала.
Менің субъективті ойымша, Қазақстан диктатуралық, заң үстемдігі жоқ, елдерді қарызға батырып портын, зауытын, кен орнын алып қоятын Қытайға қарағанда ашық, демократиялық Европамен ұзақ мерзімде жұмыс жасаған дұрыс сияқты.

5. Болашақтың энергиясын өндіруде алдыңғы қатарға кіретін боламыз.
Сутекті таза энергия көзі ретінде көреді. Өйткені сутекті жаққанда атмосфераға су бөлінеді. Оны қазіргі мұнай-газ құбырларымен тасымалдау оңай. Шет елден технологиясы дамыған ел келіп «давай саған осындай әлемдегі ең үлкен таза зауыт салып беремін» - десе, оның несі жаман? Тем более ол арқылы Қазақстан экологиялық таза энергия көзінің ең ірі өндірушілерінің бірі болып кетсе.