Get Mystery Box with random crypto!

Получается, Евросоюз 2032 жылы толық жұмысын бастайтын «жасыл | Майн Кайф (де)

Получается, Евросоюз 2032 жылы толық жұмысын бастайтын «жасыл сутек» өндіретін зауытты Маңғыстау облысында салады. Ол зауыт Евросоюзға қажетті таза сутектің 1/5 бөлігін өндіреді. Өндіріске қажетті электроэнергияны европалық компаниялар салатын жел және күн электр станцияларынан алады.

2032 жылдан бастап жыл сайын Қазақстан Европаға 20 ГВт эквиваленттегі сутекті экспорттайды. Салыстыру үшін – Қазақстан қазір жылына 19.8 ГВт энергия қолданады. Получается, 2032 жылы қазір өзіне қажетті энергияны өндіруге жететіндей сутекті Евросоюзға экспорттаймыз.

Қазіргі әлемдегі электролиз әдісі бойынша «жасыл сутек» өндіретін ең ірі зауыт жылына 1300 тонна сутек шығарса, Маңғыстаудағы зауыт 2032 жылы 2 млн тонна сутекті электролиз әдісімен өндіреді. Зауытта 1800 жұмыс орны ашылса, жұмысшыларды Германия, Швеция елдері бірге дайындайтын болады.

1 кг мұнай 0.6-0.7$ тұрса, 1 кг «жасыл сутек» 8-10$ тұрады. Так что Қазақстан үшін бұл өте жақсы жоба.