Get Mystery Box with random crypto!

Асқар Абайұлы

Telegram арнасының логотипі asqarabay — Асқар Абайұлы А
Telegram арнасының логотипі asqarabay — Асқар Абайұлы
Арна мекенжайы: @asqarabay
Санаттар: Экономика
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 844

Ratings & Reviews

3.67

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

1

4 stars

0

3 stars

2

2 stars

0

1 stars

0


Соңғы хабарлар 2

2022-07-29 12:15:32
438 views09:15
Ашу / Түсініктеме
2022-07-29 12:15:29
421 views09:15
Ашу / Түсініктеме
2022-07-21 14:56:26 Біздің жасап жатқан покупкаларымыз кейде шынымен мұқтаждық, кейде іштегі бір бостықтың орнын толтыру үшін болады.

Шынайы мұқтаждық болған кезде, біз сатып алуымыз керек болған зат немесе соның альтернативасынан басқа ешнәрсе оның орнын баса алмайды. Бұл дұрыс покупка. Бұл кезеңде төлем жасамасаң алдағы уақытта кемі 10 есе артығымен төлем жасайсың.

Шынайы мұқтаждық тізіміне: Отбасының қажеттілігі, денсаулыққа қатысты, жұмысыңның тиімділігін арттыруды талап ететін шығындар, екінші покупка бар ол іштегі бостықты жабу немесе соның орнын толтыру. Ал іштегі бостық есе-ол эмоция.

Кім эмоция үшін төлем жасаса 1 секунд үшін төлем жасады. Кей покупкалар жай ғана бір эмоцияны сезініп көру үшін де болады, эмоцияны сезініп біткен сәтте сатып алынған товардың құндылығы сен үшін төмендеп кетеді, оған дәлел үйдегі киілмей жатқан киімдер немесе керек болып қалады-ау деп сатып алған дүниелеріміз эмоцияны сезініп көру жаман демеймін немесе оған қарсылығым жоқ, бірақ, кейде біз айналамыздағы адамдарды, дүкендегі сатушыны таңқалдыру арқылы сезінетін сезім үшін төлем жасау проблема деп ойлаймын.

Анаңның бір сәттік күлкісі үшін, қарындасыңның бір сәттік қуанышы үшін төлем жасау әрқашан дұрыс деп санаймын. Бұл кездегі сезімдер ешқашан өшпейді, сатушыны таңқалдырарсың бірақ ол ертең сені ұмытып кетеді Айналаңдағыларда соның ар жақ, бер жағы жеке пікірім.


Қазіргі сатып алып жатқан заттарымыз 90-95% эмоцияны сезіну үшін, маркетингтің құрбаны болып жатырмыз. Жақсы, жаман деген бағаны бере алмаймын, әр адамның таңдау құқығы бар, біз сатып алып жатқан кезде ақшамен төлеп жатырмын деп ойлаймыз.

Мысалы Iphone 13 pro max 1tb 900.000тнг тұрады екен сіз 900k ақшаны қанша уақытта табасыз? 1 ай ,2 ай немесе 4 айда 900k табатын болсаңыз Айфон үшін 4 айлық уақыт және энергиямен төлем жасап жатырсыз. Айфон 13 алудың дұрыс немесе дұрыс емес деген шешімді тек қана сіз бере аласыз. Әрбір төлем алдында сіз уақыт,сағат, күн энергиямен төлеп жатқаныңызды еске түсіріп соған тұрарлықтай ма жоқ па бір есебін алсаңыз сол жеткілікті деп ойлаймын. Келесі пост қымбат, арзан деген ұғымның қазіргі уақытта жұмыс жасамайтыны туралы болады.

Келесі пост, каналда 1500 болғанда салсам қалай қарайсыздар? Канал сілтемесін достарыңызға жіберсеңіздер, бәлкім олар үшін пайдалы болар.
https://t.me/asqarabay
697 views11:56
Ашу / Түсініктеме
2022-07-18 08:16:55 Ассаляму алейкум қалдарыңыз қалай?

Қаржы сауаттылығына қатысты:
20-25 жыл бұрын қоғамда иелік ету деген ұғым жұмыс жасайтын еді.
Бизнесің болу үшін өндірісің болу керек, қымбат көлік айдау үшін міндетті түрде көлігің болу қажет еді. қазіргі уақытта ондай емес

Бизнес бастау үшін магазин ашуда қажет болмай қалды.
Қымбат көлік айдау үшін сатып алу да қажет емес.

Қазір пайдалану, қолдану жұмыс жасап тұр.

Мысалы мен тұрып жатқан пәтер 120млн тнг тұрады.
Пәтер менікі емес, бірақ қолданып жатырмын.

Кейде 60-70 миллион тнг көлігін жалға алып қолданып қажет емес кезде кайтарып беремін

Бір затты менікі деп отқан кезінде басқа адамдар ол затты қолданып, сененде көбірек ақша табуы мүмкін. Иелік етуге емес қолдануға арекет еткен дұрыс

Үлкен суммаларды тек иелік ету үшін замарозить ету дұрыс емес.
Қазіргі заман талабы)

Алла қаласа күздің соңына қарай қаржы психологиясы туралы кітабым жарық көреді, ол кітапта осыған ұқсас көптеген тақырыптар бар.

Прогревті қазірден бастай берейік
829 views05:16
Ашу / Түсініктеме
2022-07-02 09:31:06 Ассаляму алейкум!

Бүгін Алла қалауымен YouTube каналды жүргізу үшін камера алдық.

Шүкір ақырындап, бірақ тұрақты түрде жүріп жатырмыз, YouTube каналда әдеп сабағын қолға алсам ба деп ойлап тұрмын.
Алла қаласа жақсы контентпен бөлісеміз деген үмітіміз бар.

Берекелі, дұғалар қабыл болатын айда біз үшін дұға жасап қойсаңыздар!

Алланың көмегіне әрқашан мұқтажбыз!
1.1K viewsedited  06:31
Ашу / Түсініктеме
2022-06-30 13:35:39 6 айдан бері айналамдағы жетістікке жеткен немесе өз өміріне қанағаттанатын адамдардың өмірімен жақынырақ таныстым, кей біреулерін 10 жылдан бері танимын


Ең қызығы осы кісілердің барлығы15-18 жас аралығында қазіргідей кітап оқып жүрген немесе бір жұмыс жасап жүрген адамдар


Біздің қазіргі әрекеттеріміз алдағы 10 жылдықта кім болатынымызды анықтап береді, кез-келген қазіргі бизнесменді қараңызшы бала кезінде бердеңе сатқан немесе бір кәсіппен айналысқан




Өткенді емес болашақтыда емес , дәл қазіргі әркеттеріміз, дәл қазіргі қаржыны басқаруымыз ең маңыздысы
1.1K viewsedited  10:35
Ашу / Түсініктеме
2022-06-28 16:53:59 Қайырлы кеш, қалдарыңыз қалай?
Қаржы сауаттылығына қатысты алғашқы жазбам

Қаржы сауаттылығы ең бірінші Алла шексіз ризық иесі екендігіне иман келтіруден, сосын асықпай шешім қабылдаудан басталады.

Себебі қазіргі уақытта асығыстықпен шешім қабылдап жатырмыз

Мысал: карантинде маска қымбаттайды деп штугын 250-300тнг артығымен сатып алдық, 1 айдан кейін маска бағасы қайта өз орнына 20-30тнг түсіп қалды.

2 ай бұрын доллар бағасы 52-ге көтерілген кезде енді курс 43-ке түспейді деп қаншама адамдар доллар сатып алды, мен жақсы танитын адамдардың өзі 10-20$ мың доллар ұтқызды, асығыстық жасап.

Қазірде қант, продуктіге қатысты асығыстық шешім қабылдап жатырмыз

Мына нәрсені ешқашан ұмытпаңыз, доллар курсы 100-ге шығатын болса, Алла сол кезде соған лайықты ризықты беріп қояды.

Ислам бізге болашаққа үрейсіз қарауды, өткенге өкінбеуді үйретеді. Бірақ, біз қабылдағымыз келмейді ма, әлде осыны дұрыс түсінбелік па білмеймін...
987 views13:53
Ашу / Түсініктеме
2022-06-24 09:10:50
Қолдап жіберсеңіздер
919 views06:10
Ашу / Түсініктеме
2022-06-24 08:52:25
1.6K views05:52
Ашу / Түсініктеме
2022-06-24 08:52:17 Қайырлы күн, қалдарыңыз қалай?
Қаржылай көмек берсеңіздер, өткенде "Айғаным" қарилар орталығы үшін алынған жердің назначениясын ауыстыруға 5 000 000 тнг қажет болып жатыр, бізде дәл қазір счет 80к тнг.
777 viewsedited  05:52
Ашу / Түсініктеме