Get Mystery Box with random crypto!

Біздің жасап жатқан покупкаларымыз кейде шынымен мұқтаждық, ке | Асқар Абайұлы

Біздің жасап жатқан покупкаларымыз кейде шынымен мұқтаждық, кейде іштегі бір бостықтың орнын толтыру үшін болады.

Шынайы мұқтаждық болған кезде, біз сатып алуымыз керек болған зат немесе соның альтернативасынан басқа ешнәрсе оның орнын баса алмайды. Бұл дұрыс покупка. Бұл кезеңде төлем жасамасаң алдағы уақытта кемі 10 есе артығымен төлем жасайсың.

Шынайы мұқтаждық тізіміне: Отбасының қажеттілігі, денсаулыққа қатысты, жұмысыңның тиімділігін арттыруды талап ететін шығындар, екінші покупка бар ол іштегі бостықты жабу немесе соның орнын толтыру. Ал іштегі бостық есе-ол эмоция.

Кім эмоция үшін төлем жасаса 1 секунд үшін төлем жасады. Кей покупкалар жай ғана бір эмоцияны сезініп көру үшін де болады, эмоцияны сезініп біткен сәтте сатып алынған товардың құндылығы сен үшін төмендеп кетеді, оған дәлел үйдегі киілмей жатқан киімдер немесе керек болып қалады-ау деп сатып алған дүниелеріміз эмоцияны сезініп көру жаман демеймін немесе оған қарсылығым жоқ, бірақ, кейде біз айналамыздағы адамдарды, дүкендегі сатушыны таңқалдыру арқылы сезінетін сезім үшін төлем жасау проблема деп ойлаймын.

Анаңның бір сәттік күлкісі үшін, қарындасыңның бір сәттік қуанышы үшін төлем жасау әрқашан дұрыс деп санаймын. Бұл кездегі сезімдер ешқашан өшпейді, сатушыны таңқалдырарсың бірақ ол ертең сені ұмытып кетеді Айналаңдағыларда соның ар жақ, бер жағы жеке пікірім.


Қазіргі сатып алып жатқан заттарымыз 90-95% эмоцияны сезіну үшін, маркетингтің құрбаны болып жатырмыз. Жақсы, жаман деген бағаны бере алмаймын, әр адамның таңдау құқығы бар, біз сатып алып жатқан кезде ақшамен төлеп жатырмын деп ойлаймыз.

Мысалы Iphone 13 pro max 1tb 900.000тнг тұрады екен сіз 900k ақшаны қанша уақытта табасыз? 1 ай ,2 ай немесе 4 айда 900k табатын болсаңыз Айфон үшін 4 айлық уақыт және энергиямен төлем жасап жатырсыз. Айфон 13 алудың дұрыс немесе дұрыс емес деген шешімді тек қана сіз бере аласыз. Әрбір төлем алдында сіз уақыт,сағат, күн энергиямен төлеп жатқаныңызды еске түсіріп соған тұрарлықтай ма жоқ па бір есебін алсаңыз сол жеткілікті деп ойлаймын. Келесі пост қымбат, арзан деген ұғымның қазіргі уақытта жұмыс жасамайтыны туралы болады.

Келесі пост, каналда 1500 болғанда салсам қалай қарайсыздар? Канал сілтемесін достарыңызға жіберсеңіздер, бәлкім олар үшін пайдалы болар.
https://t.me/asqarabay