Get Mystery Box with random crypto!

“таланттар” мекені… филфакта жеті жыл жүріп талай талантты кө | men❤️‍🩹

таланттар” мекені…

филфакта жеті жыл жүріп талай талантты көрдік.
сонда бірдеңені байқадым.
филфакқа түсетіндер мен түлектерінің ішінде бір “ерекше” топ бар.
олар “ерекше елден ерек”.
шын ерекше емес.
тырнақшаның ішіндегілер”.

олар – жасандылыққа жақын, табиғилықтан гөрі балалық қиялдың жетегінде жүрген жас өркен.
арман қуып келген қыз-жігіт бойындағы жалынын, ынта-ықылас, шабытын оқу-тоқуға, өзіндік дамуға бағыттаудың орнына сауық-сайран, жеңіл-желпі жүріске бөледі, аттың жалы, түйенің қомында жүріп сабақ оқыған болады…
сөйтіп жүріп талантына сенген талапкердің жүріс-тұрысы сұйыла бастайды, сүйкімі кетеді.
күн мен түні ауысады, қазақшалап айтқанда беліне көтере алмайтын шоқпар байлап алады.

жасампаздықты жасандылықтан айыра алмай жүрген жеткіншектердің көбі ақын, өлең оқығыш, рөлге кіргіш, пафосқа тойып алған, кеуде кергіш, әртіс болады…Алла берген талантты тізгіндей алмай басын тауға да, тасқа да ұрады.
ең жаманы тіл алмайды ондай кісілер.
еліктеймін деп еліріп, өзін қоғамнан өзі бөліп-жарып, қиялдана бастайды.
түбі тәкаппарлыққа, менмендікке апарады.
құр қиял адамды адастырады я алжастырады емес пе?!

кейінірек ішеді, өлеңін жаза жүріп шегеді, түбі оқудан шығып, сан соғады.
ондай әуре-сарсаң кімге керек, қарағым?)
филфакқа түсем деген тіл-әдебиеттің төңірегіне топтасқан , тағдыр қосқан жас өркенге айтарым сол – образға кірмеңдер, сабақ оқыңдар.

тіл-әдебиетті бітірген адамдардың саны бар да, сапасы жоқ… оны түзеу бойды да, ойды да тәрбиелеуден басталса керек.
кердең-кердең еткен, руханияттан жұрдай талант кімге керек?!
кім тіл-әдебиетті оқымай жатыр?!
сенің ақын-жазушылығың, әртістігің, шеберлігің сенің мойныңдағы адамгершіліктің көрсеткіші емес, сені зиялы қылатын дүние талант қана емес.

филфакқа түскен әр студентімді жақсы көрем негізі.
бірақ ішінде он екіде бір нұсқа жоқ, дыңғыр-дыңғыр еткендері тағы бар…
дүние де өзі, мал да өзі ғылымға көңіл бөліңіз”.