Get Mystery Box with random crypto!

AQYNDAR

Telegram арнасының логотипі aqyndar — AQYNDAR A
Telegram арнасының логотипі aqyndar — AQYNDAR
Арна мекенжайы: @aqyndar
Санаттар: Блогтар
Тіл: қазақ
ел: Қазақстан
Жазылушылар: 635
Арнадан сипаттама

Ақындар арнасына хош келдіңіз!
Сіз бізді, өзіңізге дос көріңіз
Жақсы өлең жазылатын арнамызда,
Жазылмайды негізі бос сөзіміз!
Админ: @AQYNDARBOT
Арнамызға шақыру сілтемесі 👇

Ratings & Reviews

2.33

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

1

3 stars

0

2 stars

1

1 stars

1


Соңғы хабарлар 2

2020-07-27 19:56:09
Ұра берсең...
#қазақ
@AQYNDAR
2.2K views16:56
Ашу / Түсініктеме
2020-07-18 09:29:30
Мәселе мақұлмен емес, ақылмен шешіледі!

#қазақ
@AQYNDAR
2.2K views06:29
Ашу / Түсініктеме
2020-07-12 21:07:01
Қазақ қыздарына арналады!

Бауыржан Ширмединұлы
#қазақ #хақөлең
@AQYNDAR
2.2K views18:07
Ашу / Түсініктеме
2020-07-02 09:54:43
Олар Төртеу еді,
Бір бауыры - кеменің Желкені еді,
Бір бауыры - мінездің Көркемі еді.
Бір бауыры - ғылымның Өркені еді,
Ең кенжесі Шәкірдің "Тентегі" еді.

Олар Төртеу еді,
Төртеуі де Хас Батыр, Еркек еді!
Төрт Қазыққа төртеуін ел теңеді!
Сарыағаштың Мешіті, Медресесі -
Қазақ Руханиятының ертеңі еді.

Олар Төртеу еді,
Хақтың құлы, елінің Еркелері,
Имамдары, көш бастар Серкелері!
Қалың елі ажалға қимай-қимай,
Өкініштен өзегі өртенеді!

Олар Төртеу еді,
Тағдырлары соншалық келте ме еді?
Неге, неге жақсылар ерте өледі?
Ел алдында ақ жүзді, ардақтылар,
Алла алдында болсыншы Мәртебелі!

Олар Төртеу еді,
Әбдішүкір - жарқ еткен семсер еді,
Әбдіжаппар - ишанға ел сенеді.
Әбдісаттар - ғалымның ең Кемелі,
Әбдіғаппар - білімнің Кертөбелі!

Медресе мен Дін еді кеңселері,
Таухидпенен тік еді еңселері.
Қажыекеңнің қайысып қайғысынан,
Қазықұрты Қазақтың теңселеді.
Олар Төртеу еді...

#хақөлең #қазақ
@AQYNDAR
2.6K views06:54
Ашу / Түсініктеме
2020-06-16 15:26:18
ДОСТЫҚ
#қараөлең
@AQYNDAR
2.2K views12:26
Ашу / Түсініктеме
2020-05-18 12:57:42
ЖАҚСЫ АДАМДЫ ЖЕРЛЕУ

– Жақсы адам ба еді?
– Жақсы адам еді, – деді жұрт.
– Жақсы адам! – деді жамағат түгел егіліп.
–Қарызы жоқ па?
– Құтылған барлық қарыздан,
Құтылған барлық міндеті менен парыздан.
–Ал онда бәрің артыма сапқа тұрыңдар,
Жаназа иман шығарам, – деді кәрі имам.
«Жақсы адам ба еді?»
«Жақсы адам еді шынайы,
Жақсылық жасап жүретін елге ұдайы.
Ертерек неге айтпадың мұны, япырым-ай,
Елімнің мынау ығайы менен сығайы?!
Жақсы адам еді жаратылысы бөлекше,
Жақсылық жасап жүретін елге ерекше.
...Ілмиіп қайттым іркес те тіркес елменен,
Ісіген жара қалдырып сонау белесте.
Жақсы адам еді!
Жақсы адам еді, жарықтық.


Е.ЖАҚЫПБЕК
#хақөлең
@AQYNDAR

Иннə лиллəһи уа иннə илəһи рожиғун (Алладан келдік, əрі Оған қайтушымыз)
Бейсен ағамызды Алла рахымына алсын! Отбасына қайғырып көңіл айтамыз.
2.5K views09:57
Ашу / Түсініктеме
2020-05-11 18:27:59
Пайғамбарлар Падишасына арнау (Мәуліт кеші)

Дидар Қамиев
#арнау #хақөлең

@AQYNDAR
2.1K views15:27
Ашу / Түсініктеме
2020-05-10 16:27:58
Киімді уайымдама кешке барар,
Жәй ғана шүберек ол пешке жанар.
Қандай киім кигенің ұмытылар
Қандай адам болғаның есте қалар.

Таңжарық Ержан
#төрттаған

@AQYNDAR
2.0K views13:27
Ашу / Түсініктеме
2020-05-08 01:37:21
Еркек мінін түзесе,
Əйел тілін күзесе,
Артық болар ырысы,
Күткенінен жүз есе.

#төрттаған
ᴛᴇʟᴇɢʀᴀᴍ: @AQYNDAR
2.0K views22:37
Ашу / Түсініктеме
2020-05-05 18:41:39
Жалған менен өтірік ойды бөліп,
Ақиқатты жан-жақтан жойды келіп.
Болашақта боламыз таң қалатын,
Қой терісін жамылған қойды көріп.

Арман Бердалин
#төрттаған

@AQYNDAR


Жалған сөйлейтіндер көбейіп кетті. Ең қауіптісі - сол сөйлеушілердің тыңдармандары көп.
Осыған біздің де етіміз үйреніп кетіп, ақылдыға ақымақ көргендей қарамасақ болды.
2.0K views15:41
Ашу / Түсініктеме