Get Mystery Box with random crypto!

ЖАҚСЫ АДАМДЫ ЖЕРЛЕУ – Жақсы адам ба еді? – Жақсы адам еді, – | AQYNDAR

ЖАҚСЫ АДАМДЫ ЖЕРЛЕУ

– Жақсы адам ба еді?
– Жақсы адам еді, – деді жұрт.
– Жақсы адам! – деді жамағат түгел егіліп.
–Қарызы жоқ па?
– Құтылған барлық қарыздан,
Құтылған барлық міндеті менен парыздан.
–Ал онда бәрің артыма сапқа тұрыңдар,
Жаназа иман шығарам, – деді кәрі имам.
«Жақсы адам ба еді?»
«Жақсы адам еді шынайы,
Жақсылық жасап жүретін елге ұдайы.
Ертерек неге айтпадың мұны, япырым-ай,
Елімнің мынау ығайы менен сығайы?!
Жақсы адам еді жаратылысы бөлекше,
Жақсылық жасап жүретін елге ерекше.
...Ілмиіп қайттым іркес те тіркес елменен,
Ісіген жара қалдырып сонау белесте.
Жақсы адам еді!
Жақсы адам еді, жарықтық.


Е.ЖАҚЫПБЕК
#хақөлең
@AQYNDAR

Иннə лиллəһи уа иннə илəһи рожиғун (Алладан келдік, əрі Оған қайтушымыз)
Бейсен ағамызды Алла рахымына алсын! Отбасына қайғырып көңіл айтамыз.