Get Mystery Box with random crypto!

Соңғы кездері әскерде өлім-жітім өте көбейіп кетті. Соқталдай | Әпендінің әңгімелері | Посткүнем👳‍♂️

Соңғы кездері әскерде өлім-жітім өте көбейіп кетті. Соқталдай жас жігіттер өз-өздеріне қол жұмсап, белгісіз жағдайда ажал құшып жатыр. Одан өзге әскердегі зорлық-зомбылық пен әлімжеттік оқиғалары да жиі кездесуде. Отан алдындағы борышын өтемекке барып, ақыл есінен ауытқып немесе мүгедек болып оралғандар да баршылық.

Аталмыш жәйттерді тергеу мәселелері де кең тұсау бос арқанның күйін кешіп, кінәлілер құрықталмай отыр. Қорғаныс министрлігі де жауапкершілікті басқа тараптарға сілтеуде.

Алла Тағала Құранда “Өз-өздеріңді қауіпке тікпеңдер!” “Өздеріңді өлімге итермелемеңдер!” дейтін аяттары арқылы адам өмірінің басты құндылықтардың бірі екенін айтады.

Жоғары аяттың негізінде ҚМДБ әскердегі жағдай мен ішкі тәртіп тұрақталғанға дейін жас сарбаздардың жеке бас бостандығы мен өмірін сақтау мақсатында “мұсылмандарға әскерге бару харам!” деген жедел түрде пәтуа беру керек секілді деп толғанып отырмын (тек толғанып)

Отанды қорғау - әр азаматтың парызы. Ел басына күн туғанда соқыр да қару асынып, саңырау да окоп қазуға баруға іштей дайын. Әйтпесе, ай мен күннің аманында өрімдей жастардың соғыссыз ажал құшып жатқаны өте ауыр құбылыс.