Get Mystery Box with random crypto!

Аспириннің пайдасы көп Көп адамдар аспиринді бас ауырғанда ғ | НӘЗІК ӘЙЕЛ♥

Аспириннің пайдасы көп


Көп адамдар аспиринді бас ауырғанда ғана қолданады ия. Ал, аспириннің бас ауруын қойдырудан басқа да пайдаларын білесіз бе? Білмесеңіз біле жүріңіз...

Кесілген гүлдердің өмірін ұзартады.

Гүл салынған ыдыстағы суға аспириннің 1 таблеткасын салыңыз. Сонда, гулдерiңiз ұзақ жайқалып тұрады. Ол дәрiнiң судағы рН-ты өзгертіп, бактериялардың көбеюiн баяулатуымен байланысты. Бұл әдiс әсiресе, раушан гүлi үшiн тиімді.

Қайызғақтан құтылуға көмектеседі.

Аспириннiң 2 таблеткасын ұсақтап, өзіңізге жеткiлiктi мелшердегі сусабынмен араластырыңыз.

Киiмдегi терден қалған дақты кетіреді

Аспириннiң бiр таблеткасын жылы сумен араластырып, дақтарға жағып, бір тунге қалдырыңыз. Сосын киiмiңiздi таза суға жуып аласыз.

Безеуге пайдасы.

Қабынуға қарсы қасиетінің арқасында аспирин терiнi тыныштандырып, безеудi кiшiрейтеді. Ол ушін аспириннің 2-3 таблеткасын ұнтактап, лимон шырынымен араластырамыз. Қосындыны безеуге жағып, бір минут шамасында ұстаныз. Артынша жуып тастаңыз.

Ескерту: Бул масканы күнге шығар алдында қолдануға болмайды.

Жәндіктер шаққанда пайда болатын кышу мен iсiнуді басады.

Аспирин таблеткасын сумен араластырып, шаққан жерге жағып, бiрнеше минутка калдырыныз.

Бұл ақпараттар тек бергі жағы ғана...алдағы уақытта аспириннің басқа да көптеген пайдасын салатын боламын. Күтіңіздер