Get Mystery Box with random crypto!

Киімдегі қолтық тұсындағы сары дақтар Қазір күн жылынып, тіпт | НӘЗІК ӘЙЕЛ♥

Киімдегі қолтық тұсындағы сары дақтар

Қазір күн жылынып, тіпті ысып жатыр ия. Әсіресе жаз мезгілінде көп терлейтініміз анық. Жасыратыны жоқ қолтық терлей берген соң киімде сары дақтар қалып жатады.
Сол қолтық тұсындағы сары дақты кетіру үшін төмендегі әдісті жасап көріңіз

Қажет заттар:

Су - 0.5 ст
Асперин - 2шт
Порошок - 0.5 ш.қ
Кір сабын

Жарты стакан суға 2 асперинді ұсақтап салып ерітіңіз. Жарты шай қасық порошокты салып, әбден араластырыңыз да киімнің дағы бар жерін 1 сағатқа салып қойыңыз. Уақыт өткен соң кір сабынмен ысқылап жуып аласыз.
Ескерту:
бұл әдіс ақ киімге арналған