Get Mystery Box with random crypto!

Құлпынайдың пайдасы Құлпынай жемісін көбіне махаббат,сұлулық | НӘЗІК ӘЙЕЛ♥

Құлпынайдың пайдасы

Құлпынай жемісін көбіне махаббат,сұлулық және жастық жемісі деп атайды.Оның не үшін олай аталатынын көбі біле бермейді.Бүгін сіздерге құлпынайдың адам денсаулығына қаншалықты пайдалы екенін айтатын боламыз.

Құлпынай жүрек,қан-тамырлары ауруларының алдын алады.
Бүгінгі таңда әлем бойынша жүрек,қан-тамырлары ауруларынан қайтыс болып жатқан жандар көбейіп келеді.Егерде ас мәзіріңізге бұл жемісті қоссаңыз,аталмыш аурудың алдын алуға болады.Өйткені оның құрамында холестерин деңгейін төмендететін эллаговалық қышқыл бар.Сонымен қатар құлпынайдағы С дәрумені қан тамырларын қалыпты деңгейде ұстайды.

Құлпынай жемісі беттегі пигменттік дақтарды кетіреді.
Егер теріңізді ағартып,секпілдер мен пигменттік дақтардан құтылғыңыз келсе,бетіңізге құлпынайдан маска жасаңыз.Алайда,бірінші білегіңізге немесе басқа жеріңізге жасап көріңіз.Егерде бәрі жақсы болса,бетіңізге жаға бересіз.Мұндай масканы аптасына 1-2 рет жасап тұрыңыз.

Құлпынайдан жасалған маска безеу мен қабынуға қарсы көмектеседі.
Егер теріңізге әртүрлі бөртпелер шығып мазаласа,онда құлпынайдың түйінінен маска дайындаңыз.Себебі оның құрамында тері ауруларымен күресетін антиоксиданттар бар.

Бұл жеміс кәріліктен де сақтайды.
Құлпынайдағы антиоксиданттар бос радикалдарға қарама-қарсы әсер етеді.Сондықтан кәріліктің ауылы алыстайды.Ол үшін түскі тамағыңызды ішіп болғаннан соң 40 минуттан кейін құлпынай жеуіңіз керек.

Құлпынай тісіңізді ағартады
Құлпынайдың құрамындағы С дәрумені тісті сарғаюдан құтқарады. Оны тұтыну арқылы сіз белгілі бір уақыттан кейін тісіңіздің ағарғанына көзіңіз жетеді.

Көздің көруін жақсартады
Жыл өте келе көзіңіздің көруі де нашарлай түсетіні анық. Ол кезде құлпынайдағы С дәрумені, органикалық қышқылдар, флавоноидтер түрлі көз ауруларына қарсы көмектеседі.