Get Mystery Box with random crypto!

Балаға айту керек сөздер Ата-ана балаларымен күнде әңгіме ай | НӘЗІК ӘЙЕЛ♥

Балаға айту керек сөздер

Ата-ана балаларымен күнде әңгіме айтып жатады. Сол әңгіменің арасында маңыздысы немесе маңызы жоғы, оның өміріне әсер ететіні немесе онша әсер етпейтіні де бар. Алайда, балаңызға күнде кей сөздерді айтуды әдетке айналдырсаңыз, сонда балаңыз байсалды, сенімді, бақытты, ештеңеден қорықпайтын болып өседі.

1. «Мен сені жақсы көремін”.
Әрине, бұл баршамызға белгілі. Бірақ, арамызда соны біле тұра, ішінде ұстап айтпайтын немесе өте сирек айтатын адамдар көп. Бұл сөздің құдыреті күшті. Балаға келсек, бұл сөзді күніне тек бір рет емес, қайта-қайта айта беріңіз. Мысалы, баланы ұйқыдан «мен сені жақсы көремін» деп оятыңыз. Баланы бала-бақшаға немесе мектепке шығарып салғанда, күтіп алғанда «мен сені жақсы көремін» деп айтыңыз.Осылай бірнеше рет айту арқылы,оны шын жақсы көретініңізге сенетін болады.

2. «Сенің бар болғаныңа қуаныштымыз»
Көп жағдайда ата-ана бала оны айтпай-ақ біледі деп ойлайды. Алайда дыбыстап айтсаңыз, ол баланың жанына жағып, таңғалады. «Сенің барыңа қуаныштымыз» немесе «дәл сендей баланы армандағанбыз» деген секілді сөздерді балаға күнде айтып отыру керек.

3. «Әлемдегі ең керемет баласың»
Қазіргі отбасыларда бала саны аз болғандықтан, ал кейбіреулерінде тіптен біреу ғана болған соң, оны еркелетіп аламыз деп көп ата-ана өз сезімдерін балаға ашық айта бермейді. Алайда, қорықпаңыз, балаға «сен әлемдегі ең сұлу баласың», «сен әлемдегі ең керемет баласың»деген сөздерді айтып тұру керек. Егер үйде бірнеше бала болса, оларға әр уақытта жекелей немесе жалпылама түрде айтуға тырысыңыз. Мұндай сөздерді естіп өскен бала, сабырлы, сенімді әрі бақытты болады.

4.«Не болғанын айтуға қорықпа”.
Шынымен де, балада бірдеңе болса, ол сізге айтуға қорықпау үшін осы сөздің маңызы болады. Бұл сөзді күнде айту арқылы ол оның миына құйылып, бірдеңе болған кезде ойына әкесіне немесе анасына айта алатындығы келеді. Баладан алған ақпаратты өзіне қарсы қолданбауға тырысыңыз. Мысалы, «айттым ғой, саған» немесе «мен саған ескерттім ғой» десеңіз, ол сізге екінші рет келмейді. Оның сізге келгеніне рақмет айтып, не істеуге болатындығын асықпай бірге ойланыңыз.
Ал,сіз балаңызға осы сөздерді жиі айтасызба?Бала тәрбиесінде қандай сөздерді қолданасыз?