Get Mystery Box with random crypto!

Балаңыздың көзін қорғаймын десеңіз ••• Қазір 21 ғасыр техно | НӘЗІК ӘЙЕЛ♥

Балаңыздың көзін қорғаймын десеңіз
•••
Қазір 21 ғасыр технология заманы. Бала жастайынан телефонға таласып, компьютер алдынан шықпайтын болды.
Түбегейлі тыйым салайын десең балаңның көңіліне қарап, ақыры аяғында көз жұма қарайсың. Осындай жағдайда жасауға болатын ережені біліп жүріңіз.


Баланы мектепке ерте бермеу
Кейбір адамдар балаларын мектепке ерте беріп жатады. Олардың негізгі мақсаты"Ерте барса ерте бітіреді,өзіне жақсы ертең"-дейді. Бірақ бұл дұрыс шешім емес. Неге десеңіз көз бұлшық еттері жақсы жетілмеген баланың көзіне ауыртпашылық түседі.
Компьютер немесе телефон берген жағдайда график құрғаныңыз абзал. Мәселен күнінде 1-2 сағат . Түскі уақытта 1 сағат , түстен кейін 1 сағат. График бойынша кешкі уақыттарда гаджеттерге мүлде жолатпаған дұрыс. Бұл жас баланың көзіне үлкен зиян келтіреді.
°
САУ( салауатты өмір салты) -ұстауға баланы бейімдеу. Далаға , көшеге баланы ойнауға, серуендеуге жіберу керек. Үйде қамалып отырған бала телефон мен компьютерге жүгірмегенде басқа не істейді?
Егер балаңыз далаға жіберуге алаңдасаңыз, өзіңізде бірге шығыңыз. Таза ауада серуендеу сізге де , балаңызға да пайдалы. Күннен "Д" витаминін бойына сіңіріп, сүйектері бекіп, қозғалысы көбейеді

Дәрігерге көріну
Жылына кем дегенде 1 рет көз дәрігеріне қаралу қажет. Көз дәрігеріне қаралу дегенді кейбір адамдар жаңылыс түсініп жатады ."Ә, олар көзіңе бір фонарик түсіреді де, очки тақпайсың ба?"- дейді де қоя береді. Бұл халық арасында таралып кеткен өсек әңгіме. Көз ауырулары өте көп, және ауру тез анықталса емдеу барынша оңайға түседі. Сол себепті балаңыздың көзін де , өзіңіздікін де тексерткеніңіз жөн.
°
Бірінші байлық-денсаулық!
"Ауырып ем іздегенше , ауырмайтын жол ізде "
°
Балаңыз жылап телефон сұраса қолына ұстатасыз ба?
Комментарияға жазыңыз