Get Mystery Box with random crypto!

ҚҰРМАНЫҢ ПАЙДАСЫН БІЛЕСІЗДЕР МЕ? Құрма – дәруменге бай жемі | НӘЗІК ӘЙЕЛ♥

ҚҰРМАНЫҢ ПАЙДАСЫН БІЛЕСІЗДЕР МЕ?

Құрма – дәруменге бай жеміс түрі.

Бүгін сіздерге құрманың 10 пайдасын айтамын.

Кеттік онда

Құрма – адамның асқа деген тәбетін жақсартып, жұмысқа деген қабілетін жақсартады.

Фруктоза мен глюкозаға бай бұл жеміс жүйкені тыныштандырып, ұйқыны қалыпқа түсіреді.

Ғалымдардың зерттеуі бойынша, құрманы көп жейтін адамдарда өкпедегі қатерлі дертпен ауру кемде-кем кездеседі екен.

Құрма құрамындағы магний бүйрекке тас жиналмаудың алдын алады. Сондай-ақ ағзадағы тұзды шығаруға көмектеседі.

Мәйегін жарақат алғанда немесе күйген жерге жақса, тез жазылады.

Дәрігерлер құрма жемісін тіс жиегі жиі қанайтын жандар мен туберкулез дертіне шалдыққанда көбірек жеуге кеңес береді.

Құрма – иодқа да бай. Қалқанша безінің қабынуымен ауырғанда бұл жемісті жеу дертке дауа болады.

Қаныңыз аз болса, бұл жемістің өзінен немесе жапырағынан шай жасап ішуіңізге болады.

Құрма құрамындағы маносахрид жүрек бұлшықеттеріне пайдалы.

Құрма құрамындағы «А» және «С» дәрумені иммунитетті көтеріп, суықтаудың алдын алады.

Бір құрманың осыншама пайдасы бар.....

Құрманы жақсы көресіздер ме?