Get Mystery Box with random crypto!

НЕГЕ ЕРІН ЖАРЫЛАДЫ? БІЛЕСІЗБЕ? Көбіне терісі құрғақ адамдард | НӘЗІК ӘЙЕЛ♥

НЕГЕ ЕРІН ЖАРЫЛАДЫ? БІЛЕСІЗБЕ?

Көбіне терісі құрғақ адамдардың еріні жиіден жарылып жатады.

Еріннің жарылуы көбіне қыс айында болады.

Ерін терісіне жағымсыз әсер ететін факторлар(себептері):

Ағзаның құрғауы

Физиологиялық процесттерді орындау үшін адам ағзасына 1,5 - 2 литр сұйықтық керек (кофе емес, кола емес).
Жағымсыз ауа-райы(желді күндер, суық мезгілдер, қатты әсері бар күн сәулесі, құрғақ ауа).
Жағымсыз әдеттер: темекі тарту, суықта немесе желді күндері ерінді сулау, ерінді тістеу әдеті, ұзақ уақыт бойы стресс жағдайында жүру.
Ыстық тамақ.
Аллергиялық реакция. Мысалы, жаңа ерін бояғышқа немесе жаңа тіс жуғышқа.
Организмге дәрумендердің жетіспеуі. Ерін терісіне бірінші кезекте А (ретинол) және Е (токоферол) дәрумендері қажет.
Сахар диабеті.

Құрғақ ерінді қалай емдейміз?

Ерін басқа терілер секілді күтімді қажет етеді.
Көшеге шықпастан 15-20 минут бұрын ерініңізге ерін бояғыш жағып алыңыз. Ол сіздің ерініңіздң суықтан, күн көзінен және желден қорғайды.
Малдың майы да таптырмас ем болып есетеледі.
Ерініңіздің айналасына майлы крем жағып алыңыз.
Бастысы ерін терісіне жағымсыз әсер ететін факторлардан қорғана біліңіз.

Сіздің теріңіз қандай типке жатады? Еріндеріңіз жиі жарылады ма?