Get Mystery Box with random crypto!

ШАШТЫҢ ТҮСУІНЕ ЖӘНЕ ҚАЙЫЗҒАҚҚА ҚАРСЫ МАСКА Керек заттар: П | НӘЗІК ӘЙЕЛ♥

ШАШТЫҢ ТҮСУІНЕ ЖӘНЕ ҚАЙЫЗҒАҚҚА ҚАРСЫ МАСКА

Керек заттар:

Пияз - 1 (2-3ас қасық)
Сарыуыз - 1
Ошаған майы - 2ас қасық
Табиғи бал - 1ас қасық
Эфир майы(иіс беру үшін)

Пиязды үккіштен өткізіп, марлыға салып, суын сығасыздар.
Алынған пияз суын ыдысқа салыңыздар.
Үстінен 1сарыуыз+2ас қасық ошаған майы+1ас қасық табиғи бал қосыңыздар.
Жақсылап араластырыңыздар.
2-3тамшы эфир майын қоссаңыздар болады.
Дайын масканы шаш түбіне(бас терісіне), ұзындығына жағып шығыңыздар(қолмен немесе щетка көмегімен).
Қолдарыңызбен бастарыңызға массаж жасаңыздар.
Бастарыңызға пакет киіп, сыртынан орамалмен жылылап ораңыздар.
Масканы 1 сағат ұстап, өздеріңіздің күнделікті қолданатын шампуньмен жуып алыңыздар
Шашыңызды кепкеннен кейін, тараңыздар(шаштың ұшынан бастап тарау керек)
Масканы аптасына 2рет, үзбей 2ай жасау керек.