Get Mystery Box with random crypto!

ҚАМЫР ИЛЕУ ҚҰПИЯЛАРЫ Осы постқа басып өтіңіздерші Кеттік | НӘЗІК ӘЙЕЛ♥

ҚАМЫР ИЛЕУ ҚҰПИЯЛАРЫ

Осы постқа басып өтіңіздерші

Кеттік онда:

Дәмді бәліштің томпайып жақсы көтерілуінің негізгі сыры ұнды елеуіштен елеп өткізіп салу. Електен өткізу кезінде ұндағы артық құрамдас бөліктерден арылып, оны ауамен толтырады, сонда қамыр жақсы көтеріледі.⠀

Тоқаш, бәліштер жұмсақ болып, келесі күні қатып қалмау үшін қамырға картоп крахмалын қосыңыздар.⠀

Нан, бәліш, құймақ және оладьи қамырына ұнтақ жармасын (манка) (жарты литр сұйықтыққа бір ас қасық) қосыңыздар. Сонда нандарыңыз ұзақ сақталып, қатпайды.⠀

Қамырға жарты стакан минералды су және сүт қосыңыздар. Не болмаса сірке суы немесе лимон қышқылына ерітілген ас содасын 0.5 стақан суда ерітіңіздер. Бұл да қамырдың жақсы томпайып көтерілуіне көмектеседі.⠀

Нан илейтін ас бөлмесіндегі терезелерді жауып қойыңыздар. Сонда қамырдың беті кеппей, жылы, ық жерде жақсы көтеріледі.⠀

Ашытылған қамырдың құрамдас бөліктерінің барлығы жылы болуы тиіс. Тоңазытқышта тұрған азық-түліктерді алдын-ала микротолқынды пеште жылытып алыңыздар не болмаса 1-1,5 сағ бұрын шығарып қойыңыздар. Ал қамырдың құрамындағы сұйықтықтарды 30-35 градусқа дейін жылытқан дұрыс. Ашытқы осындай температурада жақсы көтеріледі.⠀

Қамырды басып илеу кезінде, құрғақ қолмен илеңіздер.⠀

Нан, тоқаштарды пешке салмас бұрын, 15-20 минутқа жылы жерге қойып қойыңыздар(көтерілу үшін). Керісінше жағдайда өніміңіз ұзақ пісіп, дұрыс көтерілмейді.⠀

Бәліштерді орташа отта пісіріңіз, осылайша ол күймей көтеріліп, жұмсақ болып піседі.⠀

Қамырдың құрамына сары май қоссаңыздар, оны ерітпей, турап қосыңыздар.⠀

Пост пайдалы болдыма?

Өзіңіздің құпияларыңызбен бөлісе отырыңыздар