Get Mystery Box with random crypto!

Тіс жарудың белгілері ⠀ ⠀ 1. Көп мөлшерде сілекей бөліну⠀ 2. | НӘЗІК ӘЙЕЛ♥

Тіс жарудың белгілері ⠀

1. Көп мөлшерде сілекей бөліну⠀
2. Аузына қолын,ойыншығын сала беру⠀
3. Мазасыздық,жылау⠀
4.Тіс иектерінің ісінуі⠀
5.ұйқының бұзылуы⠀
6.кейде нәжістің аздап сұйылуы (диарея болмайды)⠀
7.температураның шамалы көтерілуі (кейбір балаларда ол 38 градустан жоғары болуы мүмкін).⠀
⠀⠀
Қарап тексергенде қызыл иектің ісінуі анық байқалады. Сондай-ақ, баланың мұрын шырышты қабығының ісінуі байқалады. Мұрыннан мөлдір шырыш шығарылуы мүмкін.⠀

Ең бастысы тіс жаруды барлық жағдайда вирусты инфекциядан (салқын тиюден) ажыратып алуымыз керек. ⠀

Көптеген ата-аналар температураның көтерілуін тіптен 39 градусқа дейін немесе одан да жоғары болуы тіс жарумен байланыстырады.Кейбір вирустық инфекциялар симптомсыз , тек бір ғана жоғары қызбамен өтуі мүмкін.Сонымен бірге несеп шығару жүйенің аурулары бар, олар да жоғары температура береді. Сондықтан бәрін тіс жарумен байланыстырудан аулақ болыңыз, жоғары температурада дәрігерге баланы тексеріп алғаныңыз жөн ⠀

⠀ Балаға қалай көмектесеміз ⠀
1. Қызыл иекке жайлап массаж жасаймыз( марлены саусағымызға орап суға малып)⠀
2. Тіс жарғанда пайдаланатын резинка/силиконды ойыншығын тоңазытқышқа 30 мин.салқындатып алып,иекті басамыз,өте жақсы көмектеседі.⠀
Қорықпаңыз, салқын ауырсынуды басады.⠀
3. Аузынан ағып жатқан істемейді қайта-қайта сүртіп алып отырыныз, теріні тітіркендіріп ауыз айналасына бөртік шығып кетуі мүмкін⠀
4. Қатты мазасызданса ауырсынуды басатын ибуфен,парацетамол қолдануға болады.⠀
5. Тіс жару процесі әр балада әртүрлі өтеді,сол себепті балаңызды көтеріп, жиі емшекке салып, мазасыздығын басып ,өз жылулығыңызды аямаңыз ⠀
⠀⠀
Аналарға кеңестер