Get Mystery Box with random crypto!

Мұрыннан су ағуды(насморк) қалай емдейміз?⠀ ⠀ Біріншіден:⠀ | НӘЗІК ӘЙЕЛ♥

Мұрыннан су ағуды(насморк) қалай емдейміз?⠀

Біріншіден:⠀
Оңтайлы климаттық жағдайды сақтау: бөлме температурасы 20-21 °C, ылғалдылық 50-60% немесе ауа ылғалдандырғыш пайдалануға болады(ауа ылғалдандырғыш туралы келесі постымда толығырақ ақпарат беремін)⠀

Теңіз суының ерітінділерімен-мұрын шырышты қабатын ылғалдандыру (мысалы, Аква марис тамшылары) немесе тұзды сумен(NaCl)⠀

Теңіз суы- мұрынның шырышты қабатың тек ылғалдандырмай, сонымен қатар пайдалы теңіз микроэлементтерімен байытады. ⠀

Эпителийдің жұмысын қалпына келтіріледі;⠀

NaCl концентрациясы жоғары болғандықтан, жасушааралық кеңістіктен сұйықтықты тартып алады.⠀

Жинақталған шырыш сұйылады және жойылады.⠀

Аквамарис тамшылары мен спрейлердің артықшылығы қандай?⠀

қан тамыр тарылтқыш препараттарға (мыс.Нафтизин) табиғи альтернатива бола алады.⠀

мұрын БІТЕЛГЕНДЕ шырышты қабығының ісінуін жоюға ықпал етеді және мұрынның тыныс алуын жеңілдетеді. ⠀
тәуелділік туғызбайды⠀

пайдалану ұзақтығына және жиілігіне шектеулер жоқ⠀

жүкті әйелдерге қолдануға болады⠀

Ылғалдандыру қажеттілігі туралы халықаралық консенсус құжаттарында бекітілген. ⠀

Бір жасқа дейінгі балаларда тек ТАМШЫЛАРДЫ қолдану керек

Аналарға кеңестер