Get Mystery Box with random crypto!

Өкшеңіз жарылса.. Жаз да келіп қалды...шұлықсыз жүреміз ия. | Қыздарға кеңес 👩🏻‍🍼 Жүктілік

Өкшеңіз жарылса..


Жаз да келіп қалды...шұлықсыз жүреміз ия. Жазда өкшеміз кәдімгідей жарылып, қонаққа барғанда шұлықсыз баруға ұялып жатамыз . Енді сол жарылған өкшені үй жағдайында емдейік...

Қажет заттар:

Ыстық су - 2-2.5л
Сода - 1 а.қ
Нашатыр спирті (аммиак ерітіндісі) - 1 а.қ
Дегтярлы сұйық сабын - 1 а.қ

Осы қажет заттардың барлығын араластырып, аяғыңызды салып 20 мин отырыңыз. Өкшеңіз жібей бастағанда қатты өкшені қырғышпен (пилка түрі) қырып аласыз. Кәдімгідей өкшеңіз жұмсақ болып қалады. Артынан таза сумен аяғыңызды шайып, құрғатып, крем немесе вазелин жағып қойыңыз. Нәтижесі керемет болады
Пайдаларыңызға жарасын!

Сіз өкшеңізді қалай емдеп жүрсіз?