Get Mystery Box with random crypto!

ҚАРА НҮКТЕНІ КЕТІРУГЕ АРНАЛҒАН МАСКА Керек затаар: қағаз с | Қыздарға кеңес 👩🏻‍🍼 Жүктілік

ҚАРА НҮКТЕНІ КЕТІРУГЕ АРНАЛҒАН МАСКА

Керек затаар:

қағаз салфетка
жұмыртқа
Ыдыс (қатты шұңғыл болмасын).

Жұмыртқаны ақуызы мен сарысын бөліп аламыз. Екі ыдыс бізге осы үшін қажет.
Ақуызды жақсылап шанышқы көмегімен араластырамыз.
Салфетканы бетке ыңғайлы етіп қиып аламыз, яғни беттің маска жағылмайтын жерлеріне тесік жасаймыз(көз, ауыз, мұрын асты).
Бұл масканы жағардан бұрын тері таза болуы керек.
Салфетканы жұмыртқа ақуызына салып, бетімізге орналастырамыз.
Масканың кепкенің күтеміз. Кепкеннен кейін аламыз. Бір қатар алынатын болады.
Маска қалдықтарын кетіру үшін бетті салқын сумен жуыңыз.
Ақуыз бетті қатты құрғататындықтан, макияжға арналған қылқалам көмегімен жұмыртқа сарысын жағамыз.
5-7минуттан кейін бетімізді жуып, тоникпен сүртіп аламыз. Содан кейін бетімізге өздеріңіздің жақсы көретін кремдеріңізді жағып алыңыздар.

Масканың пайдасы:

АҚУЫЗ:
тазартады
тері қатайтады
қара нүктені шығарады
тері тесігін тарылтады
ағартады

САРЫУЫЗЫ:
беттегі әжімдерді тегістейді
тыныштандырады
ылғалдандырады
бет терісін жақсартады.

Бұндай масканы беттің бүкіл жеріне емес, тек проблема бар жерге жақсаңыздар болады.

Егер теріңіз құрғақ болса, онда байқаңыз...Себебі, ақуыз теріні құрғатады

Бұл маскадан кейін күн көзіне шығарда күннен қорғайтын крем қолданыңыз

Осындай маска жасап көрдіңіздер ме???