Get Mystery Box with random crypto!

ҚАРБЫЗДЫ ҚАЛАЙ ТАҢДАЙМЫЗ?⠀ ⠀ Нағыз табиғи піскен қарбыз алу | Қыздарға кеңес 👩🏻‍🍼 Жүктілік

ҚАРБЫЗДЫ ҚАЛАЙ ТАҢДАЙМЫЗ?⠀


Нағыз табиғи піскен қарбыз алу үшін тамыздың ортасына дейін күту керек. Маусым айында сатылатын қарбыздар нитратпен үлкейтілген болуы мүмкін.⠀

Қалай таңдаймыз ⠀

Керемет қарбыз 6-10кг аралығында болады.⠀
Қарбыздар қыз, ұл деп бөлінеді. Қыз қарбыз дәмдірек болады .⠀
Қарбызды жол бойынан емес, базардан алыңыздар.
Қарбыздың толық піскендігін шертіп көру арқылы анықтауға болады. Шерткен кезде дыбысы қатты шығып, қарбыз піскен болса соққыға түседі.⠀
Қарбызды астынан және үстінен кішкене қыссаңыз, қыршылдаған дауыс пайда болады. Бұл да қарбыздың жаңа піскендігінің белгісі.⠀
Төбесінде сабағы міндетті түрде болуы керек. Егер жасылдау болса, әлі піспегені. Ал егер құрғақ әрі сары түсті болса толықтай піскені.⠀
Піскен қарбыз дәндері қара қоңыр немесе қара түсті болады. ⠀
Піскен қарбызда ақ жолақтар болады.⠀
Қарбыздың сырты жылтыр, жолақтары қанық жасыл және ақшыл, қабығы езілмеген, зақымданбаған болуы тиіс.⠀
Жақсы қарбыздың пішіні шар тәріздес болады ⠀
Қарбызда сарғыш дақ көп болса, күн түспей, жерде жатып өскенің білдіреді.⠀

Сіздер қарбызды қалай таңдайсыздар? Қай кезден бастап аласыздар