Get Mystery Box with random crypto!

ЖҰЛДЫЗША ЖАҚПАМАЙЫНЫҢ ҚОЛДАНЫЛУЫ Мен сіздерге ЖҰЛДЫЗША жақпам | Қыздарға кеңес 👩🏻‍🍼 Жүктілік

ЖҰЛДЫЗША ЖАҚПАМАЙЫНЫҢ ҚОЛДАНЫЛУЫ

Мен сіздерге ЖҰЛДЫЗША жақпамайының қолданылуының бірнеше түрін айтамын:

БАС АУЫРУ

Бастарыңыз ауырса жақпамайды маңдай тұсына жақсаңыздар болады.

ЖҰМСАҚ ӨКШЕЛЕР

Жақпамайды аяғыңызға жұқа қабатпен жағып, нәски киіп алыңыздар. Содан кейін өкше қырғыш көмегімен жібіген өкшелеріңізді тазалап жуып аласыздар.

АУА ТАЗАРТҚЫШ

Бөлме ауасын тазарту үшін жақпамайды ауа ылғалдағышқа қоссаңыздар болады.

ЖАНУАРЛАР ИІСІ

Егер сіздің үй жануарларыңыз үйге отырып бүлдірсе, сол жерді жақпамай көмегімен тазалаңыздар. Сонда жануарларыңыз екінші рет сол орынға бармайтын болады.

Егер мысықтарыңыз жиһазды тырнаса...

Тырналған жерге жақпамай жағып қойыңыздар, сонда мысық екінші рет келіп тырнамайтын болады. Себебі, мысық жақпамай иісінен қорқады.

Көгеру

Егер денеңіздің бір жері көгеріп қалса және оның тез жазылғаның қаласаңыздар, онда көгерген жерге жақпамай жағыңыздар. Жақпамай көгерген жердің тез кетуіне көмектеседі.

Бұлшықеттеріңіз ауырса

Жақпамай бұлшықеттеріңізді тыныштандырады. Ауырып тұрған жерге қажетінше жағып, уқалаңыздар. Ауырсынуды басады.

Жәндіктермен күрес

Өзіңізге арнайы жәндіктерге қарсы құралдарыңызды жағып, сонымен бірге жақпамайды да жақсаңыздар, ешқандай жәндіктер сізге жоламайды.

ЖҰЛДЫЗША қолданудың қандай әдістерін білесіздер? Сіздердің дәрі қораптарыңызда бар ма?

Маған қызық болып тұрғаны сол бұрынғы жұлдызша мен қазіргі жұлдызша жақпамайдың сапасы бойынша айырмашылық бар мекен? Қалай ойлайсыздар?