Get Mystery Box with random crypto!

ҮЙ ЖАҒДАЙЫНДА ЖАРЫЛҒАН ӨКШЕНІ ЕМДЕУ Жаз мезгілі келуге жақын | Қыздарға кеңес 👩🏻‍🍼 Жүктілік

ҮЙ ЖАҒДАЙЫНДА ЖАРЫЛҒАН ӨКШЕНІ ЕМДЕУ

Жаз мезгілі келуге жақын қалды. Өкше жарылу сияқты проблемалар басталады. Өкше ашық аяқ киім кигендіктен, артық салмақтан жарылады.

Сіздерге жарылған өкшені үй жағдайында емдеу жолын ұсынамын

Керек заттар

Сутек асқан тотығы 3%
Сірке суы 9%
Глицерин
Өкшені қыруға арналған жұмсақ қырғыш

Аяқтарыңыз сиятындай ыдыс алып, 1,5литр ыстық су құйыңыздар.
5ас қасық сутек асқан тотығын қосыңыздар.
Аяқтарыңызды салыңыздар(қатты жарылған болса, біраз отырыңыздар)
10-15мин отырғаннан кейін, жұмсақ өкше қырғышты алып, жарылған жерлерді ақырындап ысқылаңыздар.
Судан алып аяқтарыңызды құрғақ сүлгімен сүртіңіздер.

Бұл әдісті аптасына 1рет жасау керек

Ерітінді жасаймыз

Глицерин 3ас қасық + 1ас қасық 9%сірке суы=араластырыңыздар.
Осы қоспаны жарылған өкшелеріңізге жағыңыздар.
Аяқтарыңызға нәски киіп, ұйықтаңыздар.
Таңертең тұрғанда жылы сумен жуып аласыздар.

Бұл қоспаны күнде жасасаңыздар болады

Сіздер қандай әдістерді білесізлер?