Get Mystery Box with random crypto!

ТЕРЕЗЕ ЖУУ Барлықтарыңызда терезе жуу сезоны болып жатқан шығ | Қыздарға кеңес 👩🏻‍🍼 Жүктілік

ТЕРЕЗЕ ЖУУ

Барлықтарыңызда терезе жуу сезоны болып жатқан шығар

Пластик терезе рамкасында қара жолақ дақтар пайда болады. Оларды кетіру үшін белизнаны қара жолақтарға жағып қоясыздар. Жарты сағаттан кейін, губканын қырғыш жағымен ысқылап аласыздар. Жолақтар кетеді.

Пластик терезе рамкасын кір сабынмен жусаңыздар да болады. Губканың қырғыш жағына кірсабынды үйкелеп, терезе рамкасын жуып аласыздар(қара жолақ кетірмейді).

Әйнек пен рамка аралары көгереді (қыс айы біткеннен кейін шығады көгерулер). Сол кезде губка көмегімен белизна жағып, жарты сагаттан кейін тіс щёткасы көмегімен ысқылап, тазалап аласыздар.

Терезе әйнегін бірінші шаңынан тазартып жуып аласыздар(суға фери қосып немесе кір сабынмен). Тазалап болғаннан кейін суға сірке құйып, тағы терезені жуып аласыздар. Терезелеріңіз жалтырап, ешқандай айғыз болмайды.

Терезе әйнегін машина жуатын резина шүперекпен жусаңыздар болады