Get Mystery Box with random crypto!

УНИТАЗ ҚАҒЫН ТАЗАЛАЙЫҚ Унитазды күнде жуып тұрған дұрыс. Унит | Қыздарға кеңес 👩🏻‍🍼 Жүктілік

УНИТАЗ ҚАҒЫН ТАЗАЛАЙЫҚ

Унитазды күнде жуып тұрған дұрыс. Унитаз ішінде сары қақтар пайда болып жатады. Осы қақты кетіру үшін сіздерге химикатсыз тазалаудың 2 әдісін ұсынамын.

Ас содасы+сірке суы+қайнаған су

Унитаз ішіндегі суды бөтелке көмегімен аламыз.
Унитазға жарты қорап ас содасы+1 құты сірке суы+қақ батқанша қайнаған су құйыңыз.
Бетін жауып, бір түнге қалдырыңыз.
Унитаз тазалайтын щётка көмегімен ысқылап жуып тазалап, суын ағызып жібересіздер.

Лимон қышқылы(қағы аз унитазды тазалауға арналған)

Унитаз ішіндегі суды бөтелке көмегімен аламыз,
3 пакет лимон қышқылын унитазға саламыз.
Ыстық су құйып, бір түнге қалдырамыз.
Ертеніне щётка көмегімен тазалап аласыздар.