Get Mystery Box with random crypto!

ЖҮКТІ КЕЗІМДЕ АУРУЛАРЫМ АСҚЫНДЫ Осындай сөзді жиі еститін б | Қыздарға кеңес 👩🏻‍🍼 Жүктілік

ЖҮКТІ КЕЗІМДЕ АУРУЛАРЫМ АСҚЫНДЫ

Осындай сөзді жиі еститін боларсыз?...
Біз білеміз жүктілік кезінде иммунитеттің жұмысы төмендейді. Бұл деген сөз,егер сізде жүктілікке дейін қандай да бір созылмалы ауруларыңыз болса, кейбір ағзаңызда өзгерістер болса жүктілікті жоспарлауға аса жауапкершілікпен қарау керек! Алдыңғы посттарымда жоспарлау үшін қандай маңызды зерттеулерден өту керек екенін қысқаша жазып өткен болатынмын.
Енді жүктілік кезінде пайда болатын немесе асқынатын патологияларды бірнешеуін атап өтейін:
несеп-жыныс жүйесі бойынша-цистит(ең жиі кездеседі),пиелонефрит,ісіну,молочница т.б.
Зат алмасу жүйесі бойынша-Қант диабеті.
Жүрек-қантамыр жүйесі бойынша-жүктілік кезіндегі жоғары қан қысымы(эклампсия,преэклампсия,ісіну)
Өт-бауыр ағзалары өзгерісінен- толассыз құсу(токсикоз),холестаз,HELLP синдромы
Бұдан бөлек,жоғарыда атағанымыздай кез келген созылмалы ауруыңызға дер кезінде ем алмасаңыз, жүктілік мерзімінде ауыр өтеді! Сол үшін жалпы әйелдер қауымына жүктілікті жоспарлау деген сөзді дұрысынан қабылдап,соған әрекет жасауларыңызды сұраймын... Аталған патологияларға жеке пост арнап, түсінікті етіп жеткізетін боламын!Менімен бірге болыңыздар

Ал,сізде созылмалы ауруларыңыз бар ма? Уақытылы ем қабылдайсыз ба? Жүкті кезіңізде қандай аурулармен ауырдыңыз?

Құрбыңызбен бөлісіңіз