Get Mystery Box with random crypto!

НӘРЕСТЕ КҮТІМІ ЖӨНІНДЕ АНАЛАРҒА КЕҢЕС Өмірге жаңадан нәр | Қыздарға кеңес 👩🏻‍🍼 Жүктілік

НӘРЕСТЕ КҮТІМІ ЖӨНІНДЕ АНАЛАРҒА КЕҢЕС


Өмірге жаңадан нәресте келгенде оның денсаулығына күтім жасау қажет.

Нәресте денсаулығы үшін таза ұстап, дұрыс емізіп, ұйқысы дұрыс болу қажет.

Күнде жылы су мен шомылдырамыз.
40-нан шыққанға дейін.
Су температурасы 37-38°С болу керек.
Нәресте шомылатын ваннасы таза, анасының тырнағы таза өсіңкі болмауы керек.
Су деңгейі баланың денесі батып тұратындай болуы керек.
Шомылдырып болған соң арнайы майлармен денесіне массаж жасау керек. Баланың жауырын, аяқтарын керіп созу, бұл баланың тез өсуіне ықпал етеді.
Нәрестенің тырнағын алып отыру қажет.
Кіндігіне су тигізуге болады. Кіндігі түскенше ешқандай жақпаларды қолданбаймыз.

Нәресте үшін ең таптырмас маңызды тағамы ол-АНА сүті. Ол нәрестенің дұрыс өсуін, басқада жұқпалы аурулардан қорғауына,иммунитетінің жақсы қалыптасуына алып келеді.
Нәрестені қалағанша еміземіз.

Балаңыздың дұрыс қалыптасуы өз қолыңызда.

Аналарға кеңестер