Get Mystery Box with random crypto!

Бөртпені қалай ажыратамыз? Балаңыздың терісінде қандай да бір | Қыздарға кеңес 👩🏻‍🍼 Жүктілік

Бөртпені қалай ажыратамыз?

Балаңыздың терісінде қандай да бір бөртпе пайда болса, себебін білгіміз келіп, ажырата алмай әуреге түсіп жатамыз...сондықтан да бөртпе жайлы кішігірім түсінік пайда болып, оның түрлері мен шығу себебін аналарымыз біліп жүрсін деп осы постты шығарып отырмын...

Негізі, ТЕРІ- адамның ішкі ағзасының айнасы... сондықтан да терідегі кез-келген өзгеріс,әсіресе, бөртпе үлкен адам болса да, нәресте болса да мән беріп себебін анықтауды қажет етеді және көп жағдайда емдеу дұрыс ! Соның ішінде БӨРТПЕ мына себептерден болуы мүмкін:

Инфекциялық ауру салдарынан( қызылша, қызамық, желшешек)

Аллергия (тамаққа, белгілі бір өсімдікке, дәрі-дәрмекке)

Қантамыр және қан аурулары ( қантамыр құрылымы,қан түйіршіктерінің құрылымының бұзылысынан)

БӨРТПЕ теріге шығу түріне қарай да бөлінеді:
Гнойники( аты айтып тұрғандай іріңді жара) фурункуллез(сыздауық деп атаймыз) сияқты іріңді аурулар кезіндегі бөртпе. Көпіршікті(ПУЗЫРЬ) бөртпе-ішінде диаметрі 50 мм-ге жетпейтін сұйықтық болады. Герпес, аллергиялық дерматит, экзема,лишай сияқты ауруларда кездеседі.

ВОЛДЫРи деген беті үлбіреп тұрады күйік немесе жәндіктер шағып алғандағы аллергиялық реакция...
ЭРИТЕМА-теріге өте беткей орналасып, ашық-қызыл түсте болады, тамаққа және т.б қоздырғыштарға аллергия бергенде пайда болатын бөртпе...
ПУРПУРА-қан құйылу салдарынан және қанның ұю бұзылысынан пайда болады,С дәруменінің жетіспеуі,лейкозда кездеседі.
Терідегі кез-келген бөртпенің алдын алу жолдарының ең бастысы-ЖЕКЕ бас гигиенасы! Дұрыс тамақтану
Иммунитетті көтеру! Егер балаңыздың терісінде кез-келген бөртпені байқасаңыз, міндетті түрде себебін анықтап барып емін алыңыз ! Себебі, терідегі көрініс-баланың ішінде болып жатқан құбылыстың бірден бір дәлелі...

Аналарға кеңестер