Get Mystery Box with random crypto!

Кандидоз немесе халық арасында МОЛОЧНИЦА ! Біз аналар нәрест | Қыздарға кеңес 👩🏻‍🍼 Жүктілік

Кандидоз немесе халық арасында МОЛОЧНИЦА !

Біз аналар нәрестеде , әсіресе 1 жасқа дейінгі омыраудағы балада өте жиі ауыз қуысында , яғни тілінде ақ жабындымен жабылғанын байқаймыз.
Бала
жылайды
ембейді
дұрыс ұйықтамайды

Көбінесе ақ жабындыны біз тамақтан қалған қалдық деп ойлаймыз. Бірақ,біз оңай жолмен анықтасақ болады!

Ақ таза марляны алып сұқ саусағымызға орап сүртіп көргенде, ақ жабынды оңай сүртіліп, ешқандай із қалмаса, ол баланың ішкен сүтінен болуы мүмкін, ал кішкене қанталап, орны қалса, ол- Кандидоз болуы әбден мүмкін.

Кандидоздың дамуына саңырауқұлақ (грибки) Кандида тобының қоздырғышы себеп болады. Ол қалыптыда ағзамызда бар, бірақ енді иммунитеті құралып келе жатқан балада тез көбейеді және тез жұғады.

Отбасында кез-келген үлкен адамнан жақындап сүйгенде жұғу қаупі жоғары!

Алдын алу үшін бала бөлмесінің, жалпы үйдегі ылғалдылықты сақтау қажет!(40-60%) Себебі, кандида қүрғақтықта тез популяцияға ұшырайды,көбейеді. Балада кандидоз болған күнде де таза жылы сумен немесе бикарбонат натрия(сода) 1 стақан суға 1 ш.қ қосып сүрту керек және ылғалдылықты сақтау.

Күнделікті баланың ауыз қуысы мен мұрнының тазалығына мән беру -көп аурудың алдын алады!

Кандида иммунитет түскенде көбейеді,ал иммунитет түседі:

бала ұзақ антибиотик немесе гормональді препараттар қабылдағанда
ОРВИ-мен ауырса,көктем,күз айларында
механикалық травма(ауыз қуысында кішкене жара болуы)

Балада бір рет кандидоз болса, анасы міндетті түрде тексерілуі тиіс!

Баланың
ауыз қуысын клатримозол тобындағы 1% ерітіндімен( Канестан, Кандид) сүрту
бөлме ылғалдылығы мен судың бала ағзасына түсуін қадағалау
дұрыс тамақтандыру сияқты қарапайым этаптар орындалған соң да бала жағдайы жақсармаса, бала дәрігердің тағы қарауын қажет етеді!

Асқынуы АІЖ-на (ішек) өтуі мүмкін,ал емізулі балада әлі АІЖ толық дамып үлгерген жоқ,сондықтан қашанда кез-келген бала жағдайының нашарлауын уақтылы алдын алу маңызды!

Аналарға кеңестер