Get Mystery Box with random crypto!

Бала мұрны неге бітеледі? Баламда ешқандай белгілер көрінбеи | Қыздарға кеңес 👩🏻‍🍼 Жүктілік

Бала мұрны неге бітеледі?

Баламда ешқандай белгілер көрінбейді,бірақ мұрны бітеледі деп көп аналар қорқып жатады, әсіресе, бірінші баласын босанған аналар қатты уайымшыл болады...
Егер бала жаңадан туылған болса, алғашқы күндері мұрнының бітелуі қалыпты,себебі балада қоршаған ортаға адаптация жүреді, алғашқыда тыныс жолдары тар болып келеді...
Жаңадан туылған нәрестеде қорыл(хрюкает) сияқты да дыбыс болады,бұл да құрсақтағы қалыпты ортадан басқа ортаға үйрену, көбінесе бұл салмағы 3 кг аз нәрестеде кездеседі.
Ал егер алғашқы адаптациядан өтіп кеткен жастағы бала болса, ешқандай басқа белгісіз мұрыннынң бітелуі, әсіресе түнгі уақытта бітелсе, ауаның тым құрғақтанып кетуінен де болады. Сол үшін де бала жататын бөлмені қоңыр салқын етіп ұстаған дұрыс, бөлменің ауасы 24°С-тан асып кетпеуі тиіс...
Егер қорылдауы тоқтамаса, мұрны бітелуі ұзақ уақытты алып жатса, міндетті түрде дәрігерге алып бару қажет.Себебі, балада -
инфекция
тума ақаулар
аллергия
бөгде зат т.б
аденоид және т.б патологиялар болуы мүмкін

Аналарға кеңестер