Get Mystery Box with random crypto!

Кім лимон жақсы көреді ,қол көтеріңіздер ⠀ Бүгін лимонның п | Қыздарға кеңес 👩🏻‍🍼 Жүктілік

Кім лимон жақсы көреді ,қол көтеріңіздер

Бүгін лимонның пайдасы жайлы білгенімді жазайын ,қосарыңыз болса жазыңыз.

1. Құрамында кальций, магний, калий сияқты элементтер көп болғандықтан, теріні ылғалдандырады.

2. Буын мен бұлшықеттегі ауырсынуды басады.

3. Заталмасу процессін реттейді.

4. Ағзадан токсиндерді, өзге де қажетсіз заттарды шығаратын бауырдың жұмысын жақсартады.

5. Тыным алу жолының ауруларынан қорғайды.

6. Ішек жолын тазартады.

7. Иммунитетті күшейтіп, қартаю процессін баяулатады.

8.Құрамындағы калийдің арқасында күйзеліспен күресуге септігін тигізеді.

9.Лимон қосылған су қанды тазартады.

10. Артериялық қысымды төмендетуге көмектеседі. Күнделікті тұтынатын болсаңыз, қысымыңыз 10%-ға дейін төмендейді.

11.Құрамында С дәрумені көп болғандықтан, теріні жасартады.

12. Жүктілерге де пайдасы мол. С дәрумені иммунитетті күшейтіп, құрсақтағы сәбиіне оң әсерін тигізеді.

13. Бүйректегі ұсақ тастарды ыдыратады деген ақпарат бар.

Сіз тағы қандай пайдасын білесіз?
мен шайды жақсы көресіз ба?

Аналарға кеңестер