Get Mystery Box with random crypto!

Мастопатия дегеніміз - ағзадағы гормоналдық бұзылыстар себебін | Қыздарға кеңес 👩🏻‍🍼 Жүктілік

Мастопатия дегеніміз - ағзадағы гормоналдық бұзылыстар себебінен пайда болатын сүт безінің қатерсіз ісігі.

Мастопатиясы бар әйелдер арасында сүт безінің қатерлі ісігі өсу қаупі 3-5 есе жоғары болады.

Мастопатияға әкелетін факторлар:
︎10% тұқым қуалау
︎Жатыр түтіктері мен аналық безі қабыну аурулары
︎Сүт безі жарақаттануы, травма
︎Қалқанша безі аурулары
︎Диабет, семіздік, қантамыр аурулары
︎Стрестер, депрессия
︎Аборттар, алкоголь, темекі шегу, радиация
︎Баланы кеш босану, баланы емшекпен емізбеу
︎Етеккірдің 9-10 жас арасында ерте келуі және кеш тоқтауы.

Маммологқа қай кезде қаралу керек?

1)Егер сүт бездерінде қандай да бір түйін пайда болса;

2)Етеккір кезінде сүт бездеріңіз ауыратын болса;

3)Сүт бездеріңізге травма, соққы алсаңыз;

4)Емшек ұштарының тартылуы, терісінің лимон қабығы сияқты өзгеруі болса;

5) Анаңызда сүт безі қатерлі ісігі болған болса кемінде 2 жылда 1 рет тексеріліп тұрыңыз.

Ал 40 жастан асқан әйелдер жылына 1 рет сүт безіне ультрадыбыстық тексеру өтіп тұрғаны дұрыс.

Аналарға кеңестер