Get Mystery Box with random crypto!

БОСАНҒАННАН КЕЙІНГІ ДЕПРЕССИЯ - статистика бойынша 10-15% бо | Қыздарға кеңес 👩🏻‍🍼 Жүктілік

БОСАНҒАННАН КЕЙІНГІ ДЕПРЕССИЯ - статистика бойынша 10-15% босанған әйелдерде болады екен.

Босану әйелдің физикалық жағдайын да, сондай ақ оның психологиялық жай-күйін де қайта қалыптастырады. Босанғаннан кейін 3-4 күн әйелде стресстің әсерінен мазасыздық, мұңаю, жылау, ызалану сияқты сезімдер болуы қалыпты жағдайда кездеседі. Бірақ бұл белгілер 10 күн шамасында жоғалуы керек.

Босанғаннан кейінгі депрессия әйелдің және жаңа туған баланың денсаулығына да қауіп тудыруы мүмкін.

Босанғаннан кейінгі депрессия себептері:

1)Қоғамда қалыптасқан, әлеуметтік желілерден көретін "идеальный ана" болуға ұмтылу, баласын, бизнесін бірге алып жүру т.б. Жас аналар өзіне өте жоғары талаптар қойып алады да соған жете алмау өзін бақытсыз сезінуіне әкеледі.

2)Кейбір аналар босанғаннан кейін тіккен тігістері ( кесар тілігі операциясынан кейінгі немесе жыныс жолдары жыртылуына байланысты) ауырып, баласына қарау, үйдің тірліктерін жасау қиындық туғызып, әйел өзін жалғыз сезінуі мүмкін.

3)Баланы емшек ұшының жарылуы, сүт аз болуы немесе сүттің шықпай қатып қалуы салдарынан дұрыс емізе алмай қиналуы мүмкін.

4)Кейбір әйелдер босанғаннан кейінгі денесіндегі өзгерістерді, сымбатының бұзылғанын қабылдай алмай өзін өзі бақытсыз сезінуі мүмкін.

5)Егер әйел бұрын жұмыс істеп ақша тауып жүрген болса, босанғаннан кейін финанстық жетіспеушіліктер оны депрессияға ұшыратуы мүмкін.

6)Күйеуі тарапынан қолдау, түсіну, көмектесу босанған әйелге өте қажет. Егер болмаған жағдайда түсініспеушіліктер әйелдің жабырқап, өзін керексіз сезінуіне әкеледі.

7)Гормоналдық өзгерістер салдары

8)Ұйқысы қанбай, шаршау, баланың үнемі жылай беруі, туыстары тарапынан көмек ала алмау

9)Адамдармен араласуы аздығынан, моральдық көмектесетін достары болмауы, өзін өмірден қалып қалғандай, қоғамнан алыс сезінуі.

Былай қарасаңыз осындай қарапайым, ұсақ түйек болып көрінетін нәрселер жас босанған ананың психикасына қатты нагрузка түсіруі мүмкін.

Кейбір жас аналар әрі қарай қалай өмір сүру керек екенін білмей, барлық қиындықтарға баласы кінәлі сияқты ойлай бастайды. Мұндай әйелдерге мүмкіндігінше көп көмек көрсету керек.

Депрессиямен күресу жолдарын алдағы постта жазамын. Күтесіз бе?

Аналарға кеңестер