Get Mystery Box with random crypto!

ПНЕВМОНИЯ ⠀ ⠀ Пневмония – ауруханадан тыс жағдайда туындап, | Қыздарға кеңес 👩🏻‍🍼 Жүктілік

ПНЕВМОНИЯ ⠀

Пневмония – ауруханадан тыс жағдайда туындап, төменгі тыныс алу жолдары инфекцияларының симптомдарымен (қызба, жөтел, қақырықтық бөлінуі, мүмкін іріңді, кеудедегі ауру сезім, ентікпе) жəне қарапайым диагностикалық альтернативалардың болмауы кезінде, өкпедегі «жаңа» ошақтық-инфильтраттық өзгерістерді рентгенологиялық белгілермен қатар жүретін жедел инфекциялық ауру.⠀


Мынандай түрлерін бөледі:⠀

1. Ауруханадан тыс пневмония (емдеу мекемесінен тыс жерде пайда болған, синонимдер: үй, амбулаторлық).⠀
2. Нозокомиалды пневмония (емдеу мекемесінде пайда болған, синонимдер: госпиталдық, ауруханаішілік).⠀
3. Аспирациялық пневмония.⠀
4. Ауыр иммунитет тапшылығы бар тұлғалардағы пневмония (туa пайда болған иммунтапшылығы, ВИЧ-инфекция, ятрогендік иммуносупрессия) жəне орналасуын анықтау мен асқынулардың болуы.⠀

Клиникалық белгілері:⠀

аурудың жедел басталуы;⠀
дене қызуының көтерілуі;⠀
шырышты-іріңді қақырықпен жөтел;⠀
ентікпе;⠀
көкірек тұсының ауырсынуы.⠀

Сізде осындай белгілер болса, тез арада дәрігерге көріну қажет

Аналар чатына қосылыңыз @anagachat