Get Mystery Box with random crypto!

Асқазан ауруында ОВСЯНАЯ КАША ⠀ Бүгін овсяная каша шынымен а | Қыздарға кеңес 👩🏻‍🍼 Жүктілік

Асқазан ауруында ОВСЯНАЯ КАША

Бүгін овсяная каша шынымен асқазан ауруларын емдейді ме? деген сұраққа жауап беремін

Асқазан себепсіз ауырмайды, ода проблема болғандықтан ауырады. Оған асқазанның кілегейлі қабығының бұзылуы және қабынуы немесе асқазан жұмысының бұзылысы жатады. Сондықтан ең дұрысы уақытша шаралардың орнына асқазанды тексеру және толығымен емдеу.

Сұлы ботқасы (овсяная каша) асқазанға сауығуға немесе ауырсынуды тоқтатуға көмектеседі деген пікірлер таралған. Сұлы ботқасының басқа ботқалар сияқты асқазанға қатысты жалғыз пайдалы көмектесетін қасиеті - оның консистенциясы. Ботқа жұмсақ және сұйық болады. Ол асқазанды емдемейді, оған жүктемені (нагрузка) төмендетеді.

Асқазанның негізгі функциясы - тағамды механикалық өңдеу. Егер адам асқазан ауруымен ауыратын болса, бізге қатты, құрғақ, майлы тағамды жеуге болмайды, асқазанға жүктеме түсіруге болмайды деген ой келеді. Бірақ жүктемені азайту ауруды жазбайды, тек симптомдарды азайтады. Олай өмір бойы сұлы ботқасында отыру керек болады, ал ол өз кезегінде тамақтану тапшылығына алып келеді .

Бұдан да толығырақ ақпарат білгісі келетін адамдар болса, келесі постта жазып өтетін боламын.