Get Mystery Box with random crypto!

Варикоз ауруы - вена қан тамырының кеңеюі мен клапандардың ж | Қыздарға кеңес 👩🏻‍🍼 Жүктілік

Варикоз ауруы - вена қан тамырының кеңеюі мен
клапандардың жетіспеушілігімен сипатталады.

Қалыптыда көктамырдағы қысым 75-120 мм.с.б.б
болады, ал қақпақша жетіспеушілігінде 500-800 мм.с.б,б
болады. Науқастар көп тұру немесе жүргенде қысым
1000-2000 мм.с.б.б болады.

 Көктамырлардың варикозды кеңеюі себебі:

Вена қан тамыр қақпақшасы (клапан) жетіспеушілігі
туа біткен вена қақпағының болмауы,
Қақпақтардың қалыпты жетілмеуіне
байланысты өз қызметін толық атқара алмау.
Нейроэндокринді жүйе бойынша:
Организмдегі гормональды өзгерістерге
байланысты веналық қан тамыры тонусының
төмендеуі нәтижесінде кеңеюі(жүктілік, жыныстық жетілу және менопауза кезінде).
Тұқым қуалаушылық;
семіздік
үнемі отырып н/е тұрып жұмыс жасау
остеопороз және артериялық гипертония ауруына қарсы дәрілерді қолданғанда;
Қант диабетінде;
варикоцеле және геморрой ауруында;
ұзақ уақыт алкоголь ішкенде;
тағам құрамында витамин С, Е, Р жетіспегенде;

Қалыптыда венадағы қан төменнен жоғарыға қарай ағады.

Ол жүректің жиырылу ритміне;
венадағы клапандардың жұмысына;
аяқ бұлшықет тонусына байланысты.
Айтылған себептерден қан жоғары қарай ағысы төмендеп, қан тамырда қалып қояды. Қалған қан ұйып, тромб түзілуіне әкеледі. Ол тром уақыт өте келе өкпеге барып, ТЭЛА дамиды.

Қандай шағымдар болады???

Жұмыстан кейінгі аяқтың тізеден төмен қарай ісінуі.
түнгі уақытта аяқ ұштарының ұстамасы;
тері астынан майда жұлдыз тәрізді қан тамыр пайда болады;
аяқтардың қышып, қызарады;
аяқта экзема, дерматит тәрізді бұзылыс пайда болады.
соңында жара, трофикалық аймақта жара пайда болады.


Достар, оқыс оқысаңыз реакция қалдырып, сұрағыңыз болса, жазып кетіңіздер