Get Mystery Box with random crypto!

Ходунокты қолданасызба? Зияны мен пайдасын білесіздерма? Қ | Қыздарға кеңес 👩🏻‍🍼 Жүктілік

Ходунокты қолданасызба?

Зияны мен пайдасын білесіздерма?

Қазіргі таңда барлығымыздың шаруамыз көп, бала жыламаса, шашпаса, төкпесе дейміз рас па? Баламыз тез отырса, аунаса, еңбектесе, жүрсе дейміз де, оған зиянын тигізетін Ходунокка отырғызып қоямыз? Әр заттың пайдасы мен зияны міндетті түрде болады.

Дәрігер ретінде ходункидің тек зиянын, пайдасыз екенін айтқым келіп отыр.
Қызықты болса оқыңыз, артық етпейді.
Ходуноктың бала ағзасына зияны

Бала отыра алмаса және арқасын, белін ұстай алмаса мүлдем отырғызуға болмайды. Бала опораны сезінгендіктен бір қалыпты (равновесие) сақтай алмайды.
Баланың еңбектеуі, тұруы, қимылы азаяды.
баланың жамбас бұлшықет тонусы төмендеп, аралыққа күш түседі. Нәжістің тоқ ішек бойымен жылжуы төмендейді.
Қыз балдарда жатырдың қысылып "детская матка" дамуына әкеледі. Ұл балдарда зәр шығару жүйесіне кері әсер етеді.
. Рахиттің, дисплазияның дамуына себепші.
Балада плоскостопия дамиды
Тірек - қимыл жүйесі бұзылады.
Жамбас сүйегінің тез шығуына әкеледі.
Өте көп травма болады, токқа түсу, лестницадан құлау т.б
Ходунокка үйренген балада үнемі қорқыныш болады, құлап кету, жарақат алу сезімі
Бала өз күшімен жүргенде жамбас- сан және тізе бұлшық еті қимыл қозғалыста болады, ал ходунокта тек тізеден төмен бұлшықет қозғалыста болады.

Бала өз еркімен аунауы, отыруы, еңбектеу, жүруі қажет, сіз себепші емес, тек демеуші ғана боласыз.

Баска педиатр дәрігерлер 1 жастан аса қолдануға рұқсат береді. Алғашқы куні 3 -5 минут қана отырғызу қажет. Бала 4 аяқтап еңбектей алса, белін ұстай алса ғана.
Баламыздың денсаулығына өз қолымызбен зиянымызды тигізбейік.

Жас аналар мен болашақ аналар, ақпарат маңызды болса, айтқандарды қолдансаңыз немесе қарсы болсаңыз, өз ойларыңызды жазып кетіңіздер.