Get Mystery Box with random crypto!

ГАЙМОРИТТІҢ ЕМІН БІЛГІҢІЗ КЕЛСЕ Емнің мақсаты: гаймор | Қыздарға кеңес 👩🏻‍🍼 Жүктілік

ГАЙМОРИТТІҢ ЕМІН БІЛГІҢІЗ КЕЛСЕ


Емнің мақсаты:
гаймор кеңістігін инфекциялық ошағын жою
мұрын ісінуі мен гаймор каналын ашылуын қамтамасыз ету;
гаймор кеңістігіндегі сұйықтықты (іріңді бөліністі) эвакуациялау ( шығару);
иммунитет көтеру;
антибактериальді терапия асқынған жағдайда 3 күннен артық емес;

АТА - АНАЛАРҒА ЕСКЕРТУ
Егер балаңызда гайморит болса, мына әрекеттерді істеуден аулақ болыңыздар

Халық медицинасына жүгініп: мұрынға қайнатылған жұмыртқа, қыздырылған тұз қоюға болмайды. Себебі, одан инфекция өлмейді, я сыртқа шықпайды. Ол қолайлы жер іздеп миға, құлаққа таралады;
Мұрынға арналған спрей, тамшыларды 5 күннен артық қолданбау, себебі мұрын шырышын кептіріп жібереді, инфекция мұрыннан еш кедергісіз тыныс алу арқылы тыныс алу жолына өте береді.
Гайморитпен тұмауды шатастырмау және тұмау кезінде гайморитті жуып, (промывание) тазалауға болмайды. Себебі гаймор кеңістігін инфекция таратып аламыз.
Тұмау кезінде қатты сіңірген кезде инфекцияға толы бөлініс гаймор кеңістігіне өтіп кетеді. Мұрын гаймор каналы бітеліп қалады.
Өз еркімен теңіз тұздарымен, фиточаймен, алоэ согымен, медпен емдеуге болмайды. Тек асқындырып аласыз. Ол манипуляциялар гайморга жетпи, мұрында қалып қояды.

Дәрігер бақылауынсыз, анализсіз, рентген түспей гайморитті емдеудің нәтижесі тек қана Асқыну және бос уақыт жоғалту.

Гайморитті емдеуде:
қан тамыр тарылтқыш тамшылар; Оларға називин, тизин, галозалин.
физ.раствор немесе фурацилинмен гаймор қуысын шаю.
асқынған жағдайда операция жасалады;

Сақтап алыңыз, бөлісіңіз