Get Mystery Box with random crypto!

​​ Президент «AMANAT» партиясын жаңғырту жұмыстарын жандандыру | AMANAT партиясы

​​ Президент «AMANAT» партиясын жаңғырту жұмыстарын жандандыруды тапсырды

Мемлекет басшысы «AMANAT» партиясының атқарушы хатшысы Асхат Ораловты қабылдады.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа кезектен тыс өткен XXII Съезде партияны жаңғырту жөнінде берген тапсырмаларының орындалуы жөнінде мәлімет берілді.

Асхат Оралов партия Төрағасына Алматы, Шымкент қалаларындағы, Түркістан және Шығыс Қазақстан облыстарындағы жұртшылықпен кездесулердің нәтижелері, сондай-ақ қоғамдық қабылдаулардың жұмыстары жөнінде баяндады. Наурыз айынан бері Республикалық мобильді қоғамдық қабылдау 6 өңірде, атап айтқанда Ақмола, Қарағанды, Павлодар, Қызылорда, Солтүстік Қазақстан және Түркістан облыстарында тұрғындармен кездесулер өткізді. Маусым айының соңына дейін еліміздің барлық өңірінде қабылдауларды жалғастыру жоспарланып отыр.

Бұдан бөлек «AMANAT» партиясының атқарушы хатшысы негізгі бағдарламалық құжаттарды, партия жанындағы қоғамдық кеңестердің қызметін, жергілікті жерлерде сайлауалды бағдарламаның орындалуын тексеруді, бастауыш партия ұйымдарының жұмысын жандандыру, сондай-ақ «Ашық партия» тұжырымдамасы аясында «Talqylau» диалог алаңының іске қосылғаны жөнінде баяндады.

Президент тұрғындармен кері байланыс жасау ісін күшейту, аймақтарда депутаттық фракциялардың тиімділігін арттыру және партияның жастар қанатын жаңғырту қажеттігіне баса мән берді.

Мемлекет басшысы азаматтарды толғандырған мәселелерді шешу үшін «AMANAT» партиясында барлық қажетті ресурс бар екенін атап өтті. Президенттің пікірінше, партияның аймақтық филиалдары осы мәселеде негізгі рөл атқаруға тиіс және өз деңгейінде мазмұнды қоғамдық диалогты нығайтуы қажет.
-
Президент поручил активизировать трансформацию партии «AMANAT»

Глава государства принял Исполнительного секретаря партии «AMANAT» Асхата Оралова.

Касым-Жомарт Токаев был проинформирован об исполнении его поручений по трансформации партии, озвученных на внеочередном XXII Съезде.

Асхат Оралов доложил Председателю партии об итогах встреч с общественностью в городах Алматы, Шымкент, Туркестанской и Восточно-Казахстанской областях, а также о работе общественных приемных. Так, с марта Республиканская мобильная общественная приемная провела встречи с гражданами в 6 регионах - Акмолинской, Карагандинской, Павлодарской, Кызылординской, Северо-Казахстанской и Туркестанской областях. До конца июня планируется продолжить приемы во всех регионах страны.

Кроме того, Исполнительный секретарь партии «AMANAT» рассказал о работе по актуализации ключевых программных документов, деятельности общественных советов при партии, ревизии исполнения Предвыборной программы на местах, активизации первичных партийных организаций, запуске диалоговой площадки «Talqylau» в рамках концепции «Открытая партия».

Президент акцентировал внимание на необходимости усиления обратной связи с населением, повышения эффективности депутатских фракций в регионах и перезагрузки молодежного крыла партии.

Глава государства подчеркнул, что у партии «AMANAT» есть все необходимые ресурсы, чтобы поддержать людей в решении волнующих их вопросов. По его мнению, ключевую роль здесь должны играть региональные филиалы партии, на уровне которых важно укреплять содержательный общественный диалог.

𝗔𝗸𝗼𝗿𝗱𝗮.𝗸𝘇

@AMANATPartiyasy