Get Mystery Box with random crypto!

Өмірде екі түрлі адам бар. Біреуі әрдайым жаман ойлап, тырнақ | Алмат Жайлаубаев

Өмірде екі түрлі адам бар. Біреуі әрдайым жаман ойлап, тырнақ астынан кір іздейді. Ал біреуі әрқашан жақсы ойлап, өмірінен ләззат алады.

Сол екі адамды жәндіктермен салыстырайық. Жаман ойлайтын адам - шыбын тәріздес. Ал, жақсы ойлайтын кісі - ара секілді.

Шыбын - табиғатына сай қоқыспен қоректенеді. Жұпар иісті гүлдердің арасында жүрсе де, іздегені тезек.

Ал араның табиғаты гүлге құштар. Қоқыстың арасында жүрсе де, гүлді іздеп табады.

Ыбырай атамыз: “Тілегенің алдыңнан, іздемей-ақ табылар” - демекші, неге ұмтылсақ, соған жетеміз.

Сол үшін таңдау өзімізде.

#түнгі_шабыт