Get Mystery Box with random crypto!

Алмас Ақынмен жан әлеміне саяхат

Telegram арнасының логотипі almasaqyn — Алмас Ақынмен жан әлеміне саяхат А
Telegram арнасының логотипі almasaqyn — Алмас Ақынмен жан әлеміне саяхат
Арна мекенжайы: @almasaqyn
Санаттар: Блогтар
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 4.46K
Арнадан сипаттама

Менің каналыма қош келдіңіз!
Бұл каналда жан әлеміне байланысты кеңестер мен жеке тәжірибемен бөлісіп отырамын.

Ratings & Reviews

3.67

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

1

4 stars

1

3 stars

0

2 stars

1

1 stars

0


Соңғы хабарлар 8

2022-05-17 19:02:00 ТАБЫСЫҢ АРТПАЙДЫ, ЕГЕР…

Өзіңе табысыңнан ақша жұмсамасаң, ризашылық пен шүкірлікті сезінбейсің. Құранда Алланың уәдесі бар, «шүкір етсеңдер, арттырамын…» деген. Яғни құлы не затқа шүкір етеді, автоматом сол артады.

Мен ең алдымен шүкір сезімін сезінуім керек, бірақ ол сезімді Алла тудырады. Мен өз еркімен тудыра алмаймын. Ендеше неге Алла шүкір ету жауапкершілігін бізге берді, егер өзі оны тудыратын болса. Өйткені құлы ұмытып кетеді, игіліктердің нағыз иесі кім екенін. Сөйтіп жеткен жетістіктерін тек өзіне байлап, ешкімге де ешнәрсеге де мұқтаж емес екенмін деп ойлап қалады. Сол кезде құл халінен шыға бастайды.

Құл халінен шығып жатқанын көріп тұрған Алла оған сынақ жібереді, тестілейді, Өзіне шақырады. Құл қырсық болмаса, дереу қайтады да, шүкір құралын қолданады. Сөйтіп оның жағдайы жеңілденіп, жұмысы оңайтылады. Алланың құдыретін сезінеді. Бүкіл игілікті Иесіне қайтарады. Сол кезде оның рухы асқақтап, жаны нағыз иманның ләззатын татады.

Кейін екінші стадия басталады, тілмен оңай, жеңіл, автоматты түрде зікір айту. Әрбір жақсы сөзі зікір болады. Тілін жамандыққа қимайды. Бұралмайды. Тек игі сөздерді айтқысы келеді. Егер тіл У шығарып үйренген болса, оған бейімделуге уақыт керек. Алла тағы сынақ, тест жібереді, құлының тілі тезірек адаптациядан өтсінші деп. Сосын құлдың жүрегі мен тілі бір толқынға түседі. Арасында мықты байланыс орнатылады.

Үшінші стадияда, құл нақты амалға көшеді. Мақсаттары игі жақсы амалдарға негізделеді. Мақсат қойып амал ету арқылы шүкірлігін арттырады. Бойындағы Алла берген потенцияны шебер қолдану арқылы, өзіне отбасына қоғамға жақсылықтар әкеледі. Сөйтіп үш элемент бірігеді, құлдың шүкірлік сезімі рухани деңгейге өтеді. Ол кезде оған барлық дүниенің, байлықтың, бақыттың, қуаныштың, жақсылықтардың, молшылықтың есіктері ашылады.

Бұған жетуге әсер ететін факторлар:
Білім, тәжірибе, ұстаз. Мен үшін ең тиімді, оңтайлы жол осы.

Түйін: шүкірлік тек сөз емес, ол кешенді, сауатты түрде жасалған құлдың әрекеті.

Постты қолдау ниетте 10 ер мен 10 әйел адамға бөлісуіңізді сұраймын.

#алмасақын #дұға #шүкір #психология #психосоматика
335 viewsАлмас АҚЫН, 16:02
Ашу / Түсініктеме
2022-05-17 18:24:26
365 viewsАлмас АҚЫН, 15:24
Ашу / Түсініктеме
2022-05-16 20:00:51
ҰЛЫ ДАЛА ТАҢЫ фильмінен алған инсайттарым:

1. Бір ханда 40 адамның ақылы болады.
2. Соғысты батырлық пен қулықты бірдей ұстаған жеңер.
3. Жау бүгініңді ойласа, сен ертеңіңді ойлап адымда.
4. Хан мен билік біріксе, елдің ішінде & сыртында тұтастық болады.
5. Ханның адалдығы - кеңшілігі мен әділеттілігінде.
6. Кішкентай асығыстық - үлкен шығынға апарады.
7. Жер - елдіктің негізі.
8. Кіші жеңістер - мәңгі жеңіске алып барады.
9. Соғыс өзің үшін емес, Аллаһ үшін болады.
10. Әр ердің өз жолы болмақ, бір күні ол да таусылмақ.
492 viewsАлмас АҚЫН, 17:00
Ашу / Түсініктеме
2022-05-15 19:12:36 3-САБАҚ: ДЕПРЕССИЯ.
КРУТОЙ СҰРАҚ ЖАУАП ЭФИРІ ӨТТІ.
ММ ҚАБЫЛ АЛЫҢЫЗДАР.
689 viewsАлмас АҚЫН, 16:12
Ашу / Түсініктеме
2022-05-15 12:46:35
804 viewsАлмас АҚЫН, 09:46
Ашу / Түсініктеме
2022-05-14 19:11:01 2-САБАҚТЫҢ АУДИОСЫ.
ЕШНӘРСЕ ҚАЛАМАУДЫҢ ЕКІНШІ СЕБЕБІ: ӨЗІМЕ СЕНІМСІЗДІК ЖАЙЛЫ АЙТЫЛДЫ.
260 viewsАлмас АҚЫН, 16:11
Ашу / Түсініктеме
2022-05-14 10:18:14
Бүгін *@almasaqyn* тікелей эфирінде *14.05.22 / 21:00* осы мәселенің түп себебін анықтап ашады.

Ешнәрсе қаламаудың 2-себебі:
ӨЗІҢЕ СЕНІМСІЗДІК екен. Себептері мен салдары қандай?
Қалай алдын алуға болады?
Қалай өзіңе сенімді болуға болады?
Осы сұрақтардың жауабын айтады.

Қазірден инста аккаунтына тіркеліп қойыңыз.

Дәріс әзірге тегін!
138 viewsАлмас АҚЫН, 07:18
Ашу / Түсініктеме
2022-05-13 19:21:52 ешнәрсе қаламаудың бірінші себебін талқыладық. және үш адамның сұрағын талқыладық. біраз блоктардың себебін анықтадық. ММ қабыл алуыңызды сұраймын.
286 viewsАлмас АҚЫН, 16:21
Ашу / Түсініктеме
2022-05-13 11:25:28
Сізде мынадай сезім болды ма *ешнәрсеге қызығушылық болмайды*, *не істеріңді білмейсің*, *жалқаулығың ұстап, амал еткің келмейді*.

Бүгін @almasaqyn тікелей эфирінде 13.05.22 / 21:00 осы мәселенің түп себебін анықтап ашады.

Қазірден инста аккаунтына тіркеліп қойыңыз.

Дәріс әзірге тегін!
523 viewsАлмас АҚЫН, edited  08:25
Ашу / Түсініктеме