Get Mystery Box with random crypto!

ТАБЫСЫҢ АРТПАЙДЫ, ЕГЕР… Өзіңе табысыңнан ақша жұмсамасаң, риз | Алмас Ақынмен жан әлеміне саяхат

ТАБЫСЫҢ АРТПАЙДЫ, ЕГЕР…

Өзіңе табысыңнан ақша жұмсамасаң, ризашылық пен шүкірлікті сезінбейсің. Құранда Алланың уәдесі бар, «шүкір етсеңдер, арттырамын…» деген. Яғни құлы не затқа шүкір етеді, автоматом сол артады.

Мен ең алдымен шүкір сезімін сезінуім керек, бірақ ол сезімді Алла тудырады. Мен өз еркімен тудыра алмаймын. Ендеше неге Алла шүкір ету жауапкершілігін бізге берді, егер өзі оны тудыратын болса. Өйткені құлы ұмытып кетеді, игіліктердің нағыз иесі кім екенін. Сөйтіп жеткен жетістіктерін тек өзіне байлап, ешкімге де ешнәрсеге де мұқтаж емес екенмін деп ойлап қалады. Сол кезде құл халінен шыға бастайды.

Құл халінен шығып жатқанын көріп тұрған Алла оған сынақ жібереді, тестілейді, Өзіне шақырады. Құл қырсық болмаса, дереу қайтады да, шүкір құралын қолданады. Сөйтіп оның жағдайы жеңілденіп, жұмысы оңайтылады. Алланың құдыретін сезінеді. Бүкіл игілікті Иесіне қайтарады. Сол кезде оның рухы асқақтап, жаны нағыз иманның ләззатын татады.

Кейін екінші стадия басталады, тілмен оңай, жеңіл, автоматты түрде зікір айту. Әрбір жақсы сөзі зікір болады. Тілін жамандыққа қимайды. Бұралмайды. Тек игі сөздерді айтқысы келеді. Егер тіл У шығарып үйренген болса, оған бейімделуге уақыт керек. Алла тағы сынақ, тест жібереді, құлының тілі тезірек адаптациядан өтсінші деп. Сосын құлдың жүрегі мен тілі бір толқынға түседі. Арасында мықты байланыс орнатылады.

Үшінші стадияда, құл нақты амалға көшеді. Мақсаттары игі жақсы амалдарға негізделеді. Мақсат қойып амал ету арқылы шүкірлігін арттырады. Бойындағы Алла берген потенцияны шебер қолдану арқылы, өзіне отбасына қоғамға жақсылықтар әкеледі. Сөйтіп үш элемент бірігеді, құлдың шүкірлік сезімі рухани деңгейге өтеді. Ол кезде оған барлық дүниенің, байлықтың, бақыттың, қуаныштың, жақсылықтардың, молшылықтың есіктері ашылады.

Бұған жетуге әсер ететін факторлар:
Білім, тәжірибе, ұстаз. Мен үшін ең тиімді, оңтайлы жол осы.

Түйін: шүкірлік тек сөз емес, ол кешенді, сауатты түрде жасалған құлдың әрекеті.

Постты қолдау ниетте 10 ер мен 10 әйел адамға бөлісуіңізді сұраймын.

#алмасақын #дұға #шүкір #психология #психосоматика