Get Mystery Box with random crypto!

Бүгінгі позитивті жаңа программа: Еңбегіңе лайықты көп ақы алу | Алмас Ақынмен жан әлеміне саяхат

Бүгінгі позитивті жаңа программа: Еңбегіңе лайықты көп ақы алу - круто.

Бір күні өзімнен «Еңбек ақыңды сұрау ұят болады» деген негативті нанымды таптым. Түйсігімді терең қазбалап қарасам 5-6 жас шамасында орнатыппын. Сол наным ақша таба бастағанда қосылады екен. Сөйтіп адал еңбегімнің ақысын алуға қысыламын, ұяламын.

Бастапқыда түсіне алмай жүрдім, бұл сезім неге шыға береді деп, сөйтсем Алла белгі беріп жатыр: «сен Менен сұра, Мен беремін, бірақ алуға ұялып тұрсың, соны шеш», - деп сезім арқылы білдірген екен. Блокты шешудің маманы болған соң дереу өзіммен жұмыс жасауға кірістім. Ескі сценариді жаңа сценариге ауыстырдым. Ол - «еңбегіңе лайықты көп ақы алу - круто» позитивті наным. Аллаға шүкір содан кейін үлкен чектер сатуға ұялмайтын болдым.

Алла менің түйсігім арқылы сұрақтарыма жауаптар береді. Оны тыңдау және бойсұну менің міндетім. Бастысы келген сезімімді тұншықтырмай тыңдау, хатты оқу.

Түйін: түйсігімде ақшаға байланысты қандай наным бар, мен соған сенемін. Сеніміме сәйкес Құдайдан соны сұраймын.

Постты қолдау ниетте 10 ер мен 10 әйел адамға бөлісуіңізді сұраймын.

Сізді ақша блоктарды анықтап, шешу қызықтырады ма?
11.07.22 Ақша блоктарын шешуге арналған «Мен Баймын» курсына тіркелуді сұранамын:
Тіркелу: 8 707 679 81 40 Камшат х.

#алмасақын #эмоция #сезім #психология #психосоматика
#ақша #қаржы #блоктар #шешім