Get Mystery Box with random crypto!

Күндерімді төгілген таңыма арай Бұйырған тәңір сыйы бағыма ора | alishka

Күндерімді төгілген таңыма арай
Бұйырған тәңір сыйы бағыма орай
Сағындым отбасымды, бауырымды
Ауылымның, әжемнің хәлі қалай?

Әке жан, қалың қалай, аманбысың?
Білемін дұғадасың балаң үшін
Мен үшін алаң болма, уайымдама
Өзің сенген перзентің табанды шын

Білем мама, сағынасың түсінемін
Сағыныштан жиналып ішіңе мұң
Ұлым деп меніменен мақтана алсаң
Қалай ғана еңсемді түсіремін

Аман ба бауырларым, тілеулерім
Сүрінгенде сүйенген сүйеулерім
Қазір міне арманымның шыңындамын
Қабыл болып тілеген тілеулерің

Есімді алды арманым, еліктіріп
Жаныма үлкен қаланы серік қылып
Уәде берем, биіктен орын алам
Үмітімді күтемін сеніп тұрып