Get Mystery Box with random crypto!

Бір өзіңді ойлаумен таң атырып Жүргім келген бағың боп жаратыл | alishka

Бір өзіңді ойлаумен таң атырып
Жүргім келген бағың боп жаратылып
Есіміңді естісем, көркем бейнең
Есіме түсіп тұрады аракідік

Жүргенде сағыныштан есім шығып
Сезімімді кетпегейсің жесір қылып
Бүгін тағы түсімде кезіктірдім
Саябақта, жатқанда бесін кіріп

Сағындым, ол сезімді жасырмаймын
Көңілде бір жүк жатыр, басылмай мұң
Өз күйімді өзім тұрмын түсіне алмай
Міне менің жайым осы, осындаймын