Get Mystery Box with random crypto!

О, Әбжылан, опасыз! Сенің уың осы сүт арқылы құдіретінен айыры | АЛАН&KIDS БАЛАЛАР ЖУРНАЛЫ

О, Әбжылан, опасыз! Сенің уың осы сүт арқылы құдіретінен айырылсын! О, Жаратушым, тілегімді қабыл ет! – деп еңіреп тұрып, сүтті жыланға шашып жібереді. Сол сәтте, шынында да, жылан бар құдіретінен айырылады. Сүттің қасиетті күші оның уы мен айбатын сиқырлап тастайды. Жылан есеңгіреп тұрып-тұрып, есіктен шығып кетеді.

Міне, осыдан бастап барлық жылан атаулы сүтті көрсе, айбатынан айырылады екен. Олар үйге кіргенде басына ақ құйса, сытылып шығып кетеді. Оларға бұл қасиет сонау заманғы өз аналарынан дарыса керек.