Get Mystery Box with random crypto!

Жамбыл облысы әкімдігі

Telegram арнасының логотипі akimat08 — Жамбыл облысы әкімдігі Ж
Telegram арнасының логотипі akimat08 — Жамбыл облысы әкімдігі
Арна мекенжайы: @akimat08
Санаттар: Жаңалықтар
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 519
Арнадан сипаттама

Жамбыл облысы әкімдігінің Telegram-каналы / Официальный Telegram-канал акимата Жамбылской области

Ratings & Reviews

2.33

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

1

3 stars

0

2 stars

1

1 stars

1


Соңғы хабарлар 2

2022-10-02 07:44:30
87 views04:44
Ашу / Түсініктеме
2022-10-01 19:12:22 https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl/press/news/details/434215?lang=ru
91 views16:12
Ашу / Түсініктеме
2022-10-01 19:12:08 https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl/press/news/details/434215?lang=kk
87 views16:12
Ашу / Түсініктеме
2022-10-01 18:44:18
01.10.2022

Тараз Дүниежүзілік қолөнершілер қалаларының тізіміне енді

Жағымды жаңалық «Тараз – қолөнершілер қаласы» тақырыбында ұйымдастырылған ауқымды шарада белгілі болды.

Шараға шетелден және еліміздің әр аумағынан келген қолөнершілер мен құрметті қонақтар қатысуда.

Облыс әкімі Нұржан Нұржігітов көрменің ашылу салтанатына қатысып, қолөнершілердің еңбегімен танысты.

Айта кетейік, халықаралық қолөнершілер көрмесі төрт күнге жоспарланған.
89 views15:44
Ашу / Түсініктеме
2022-10-01 12:49:03
01.10.2022

Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітов 1 қазан – Халықаралық Қарттар күніне орай Тараз қаласының тұрғыны, еңбек ардагері Серікжан Абраимовтың шаңырағына барып, мерекемен құттықтады

Аймақ басшысы алдыңғы буын ардагерлердің елімізді, облысты дамыту жолындағы елеулі еңбектерін атап өтіп, бүгінгі жас ұрпаққа олардың өмір жолы өнегеге толы екенін жеткізді.

Өз кезегінде ардагер де құрмет көрсеткен облыс басшылығына ризашылығын жеткізіп, елдің бүтіндігін, болашақтың жарқын болуын ақ батасына қосты.
89 views09:49
Ашу / Түсініктеме
2022-10-01 11:36:21
01.10.2022

Тараз қаласындағы орталық алаңда ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтті

Жәрмеңкеде жалпы құны 101,3 млн. теңгені құрайтын 169,2 тонна ауыл шаруашылығы тауарлары ұсынылды. Оның ішінде 18,2 тонна ет (жылқы, сиыр, қой және тауық еті), 3,5 тонна шұжық өнімдері, 6,4 тонна сүт өнімдері, 6 мың дана жұмыртқа, 0,5 тонна кондитерлік өнімдер мен 4,0 тонна макарон өнімдері, 0,4 тонна тұз, 4,6 тонна балық, 2,0 тонна ұн, 2,6 тонна бал және 127,0 тонна жеміс-жидек пен көкөніс өнімдері бар.

Айта кетейік, жәрмеңкеде барлық азық-түлік тауарлары нарық бағасынан 10-15%-ға төмен бағада ұсынылды.
85 views08:36
Ашу / Түсініктеме
2022-10-01 10:01:45 Құрметті АРДАГЕРЛЕР!
Қадірлі қариялар!

Сіздерді 1 қазан – Халықаралық Қарттар күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Біз «Қариясы бар ел – қазынасы бар ел» – деп, ақсақалын ардақтап, қарияларын қадірлеп, даналық дәрістерін көңілге тоқып, ұрпақтар сабақтастығының ұлы көшін жарасыммен жалғап келе жатқан елміз.

Тату тірлігіміз бен ұлттық ұлағатымыздың тұмарындай болған қарттарымызды болашаққа алған бағытымызға бағдар етіп, өмірлік бай тәжірибесін елдің еңсесін тіктеп, өңірді өркендету жолында жұмсаудамыз. Көпті көрген ардақтыларымыздың ақылын алып, кемел келешекке батыл қадам жасап, тәлім-тағылымдарын өнегеге айналдырудамыз.

Қазақ халқының ұлттық менталитетінің жарқын белгісі қашанда үлкенге – құрмет, кішіге – ізет көрсету десек, бұл игі дәстүр облыста да шынайы көрініс табуда.

Өңіріміздің өрістеп, көшіміздің өрге басып, өркен жаю жолында ардагерлердің еткен ерен еңбектері ел жадында. Бүгінгі жарқын жетістіктеріміз сіздердің тыным таппай, аянбай атқарған жұмыстарыңыздың жемісі. Сіздердің ел болашағы үшін атқарған бар игі істеріңізге алғыс айтамыз!

Дендеріңізге саулық, әулеттеріңізге амандық, шаңырақтарыңызға шаттық, бақ-береке тілеймін!

Нұржан Нұржігітов, Жамбыл облысының әкімі
85 viewsedited  07:01
Ашу / Түсініктеме
2022-10-01 10:00:53
83 views07:00
Ашу / Түсініктеме
2022-09-30 12:13:47
Бүгін таңертең Тараз қаласындағы «Береке» базарында орын алған өрт оқиғасына қатысты облыс әкімі Нұржан Нұржігітовтің тапсырмасымен арнайы жұмыс тобы құрылды.

Жұмыс тобы өрттен болған шығын мен салдарын анықтау бойынша жұмыстар жүргізуде.

Зардап шеккен сауда нысан иелеріне заң аясында қолдаулар мен көмектер көрсетілетін болады. Жауапты органдар және тиісті мамандармен жану оқиғасының себебі анықталуда.

Өрттен қаза болғандар мен зардап шеккен адамдар жоқ.

Бұл орайдағы барлық шаралар облыс әкімінің жеке бақылауында.

Айта кетейік, ағымды жылдың 30 қыркүйегінде, сағат 07:52 шамасында Тараз қаласындағы “Береке" базарының аумағындағы өрт оқиғасы тіркеліп, тілсіз жау жалпы 600 шаршы метр (асхана,  пластиктен жасалған 22 сауда нысаны және 4 контейнер)  аумақты қамтыған. Өрт сағат 08:30-да оқшауланып, 09:04-те толығымен өшірілді. Жалынды сөндіруге 56 төтенше жағдай қызметкері мен 13 техника жұмылдырылған.
91 views09:13
Ашу / Түсініктеме
2022-09-28 19:14:39
28.09.2022

Аймақ басшысы Нұржан Нұржігітов А. Тоқпанов атындағы қазақ драма театрында көпшілікпен бірге «Шер-Хан» драма-элегиясының премьерасын тамашалады

Халық жазушысы, көрнекті қоғам қайраткері Шерхан Мұртазаның 90 жылдығына арналған қойылыммен театрдың жаңа 87-маусымы ашылып отыр.

Премьра соңында өнер ұжымына облыс әкімінің ықылас гүлі тарту етілді.
105 views16:14
Ашу / Түсініктеме